Әдеби-сазды кеш өткізілді

Шара барысында мектеп оқушыларына Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірбаяны, шығармалары таныстырылып, қазақ әдебиетінің абызына, ақын Бексұлтан Орынбасаровтың арнауы айтылды. Кеш аясында №66 орта мектебінің кітапханашысы Сержанова Әлия апай кітап көрмесін ұйымдастырып, жазушының шығармаларымен таныстырды.
Кеш соңы Шөмішкөл ауылдық клуб қызметкерлерінің "Аралдың адамдары" әнімен қорытындыланды. Шараның жоғарғы дәрежеде өтуіне атсалысқан Адилжан Манасовқа, Әлия Сержановаға, Актау Маукековке және №66 Шөмішкөл Орта Мектеп Шөмішкөл мектеп ұжымына алғыс білдіреміз.
(Шөмішкөл ауылдық клубы фейсбук парақшасынан)