Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Киноның жарық жұлдызы

Киноның жарық жұлдызы

Шәкен Айманов қазақ сахнасына жаңа тыныс, бағыт әкелген кісі. Оның қойылымдары, түсірген фильмдері тек Қазақстан аумағында ғана емес, шетелдіңде экранында танымал болды. Оның жұмыстары көз түсердей сапалы болды. Ал оның кино, театр саласына қосқан үлесі туралы ұзақтап айта беруге болады.
Шәкен атамыз Баянауылдың Торайғыр ауылында дүниеге келді. Отбасында өнерге жақын адам болды. Ол әкесі. Домбырада ойнап, ән салып, кішкентай кезінен баласын өнерге қызықтырды. Домбырасы қолынан түспейді, қайғы-мұңда, қуанышта домбырасы серіктес болды. Өсе келе кішкентай Шәкенде ішекті аспапты қасына алып жататын болыпты. Алғаш орындаған әні халықтың қиын-қыстауын жырлайтын «Елім-ай» дастаны.
Баянауыл танымал адамдар өңірі десең қателеспейсің. Себебі бұл жер көптеген танымал адамдардың жанұясы болды. Онымен қоймай Қажымұқан Мұңайтпасов, Жаяу Мұса, Майра сияқты шығармашыл, танымал адамдар Баянауылға жиі келуші еді.
Кейін ол Луначерский атындағы педагогикалық институтына оқуға түседі. Ол жақта Шәкен ағамыз алғаш рет сахнаның алдына шығып, институтта драма кейіпкерлерін сомдайды. Бар бос уақытын театр үйірмесіне арнайды. Пьесаның басым тақырыбы ауылдың өмір еді.
Ол үшінші курсқа аяқ басқан кезде Семейге Еңбекші театр гастролі келді. Осы театрда олда өнер көрсетті. Таңдауы «Зарлық» пьесасына түседі. Спектакль көрермендерінің ішінде жас таланттарды іздеп жүрген Ғабит Мүсіреповте болды. Шәкеннің таланттына тамсанып, Алматыға театрда жұмыс істеуге шақырады.
Осы сәттен бастап ол өзінің мансабына үлкен қадамдар жасай бастайды. Үлкен рөлдерді алады. Алғашында Қодар, Алдаркөсе, Исатай («Исатай- Махамбет»), Кассио(«Отелло») рөлдерін ойнайды. Бірақ уақыт өте Тихон, Великанов(«Таланттар мен табынушылар»), «Найзағайында»), Хлестаков(«Ревизор»), Казанцев («Түнгі сарынында») секілді қиын классикалық кейіпкерлерді сомдайды.
Кейін ол режиссер ретінде де өзін сынап көреді, бірақ та театрды ең алғашқы орынға қояды. Алайда 1953 жылы ол театрдағы жұмысынан бас тартып, кино индустриясына келуге бел буып, Қазақстандағы алғашқы фильмдерді түсіруді қолына алады. «Махаббат поэмасы», «Тақиялы періште», «Дала қызы», «Алдар көсе» секілді туындылардың авторы атанады. Кейбір туындаларында өзі де кейіпкерлердің рөлін сомдады.
Шәкен ағамыздың түсірген кинолары ұлттық бағыт алды. Ұлттың дәстүрін насихаттады. Оның арқасында қазақ халқы өзін ерекшелендіретін туындыларды жадында сақтап қалды.
Әбділда Тәжібаев Шәкен Айманов жайлы «Ол тарих, халық, уақыт талап еткен суреткер еді. Бағымызға қарай оның ғұмырына дәлме-дел келген кезеңінде қазақ өнеріне нақ осы Шәкен керек болатын. Ақиқатында Шәкен Айманов қазақ зиялы қауымының қас өкілі еді. Жас кино өнеріне жолбасшылық жасады, қазақ мәдениетін шетелдерге насихаттауга капысыз кызмет етті. Біз олардың шығармашылығынсыз әдебиетімізбен театрымыздың тарихын топшылай алмайтындықтан Әуезовті, Мүсіреповты үлкен жазушы, драматург деп санасақ, қазақ өнерінде Шәкен де сол биіктегі тұлға.
Бүгінде мұрагерлері кинематографистердің жұмыстары, өз картиналары, рөльдері, өзінің бастамашылдығымен салынған кино үйінің өмірі... арқылы Шәкеннің бейнесі жадымызда жаңғыра, жандана түсті. Аса адамгершіліктігі үшін оны шын жаксы көретін көп досының жүрегінде оның жарқын бейнесі көмескі тартпай сақталмақ. Оның айналасындағы қауымға қалдырган үлгісі – талмай ізденіс, табыска деген сенім, өмірді сүю, өмірді кадірлей білу касиеті де ұмытылмайды».
Қазір де Шәкен Аймановтың еңбектері Қазақстанда кино саласына жол ашқан болып саналады. 2003 жылы алғаш рет «Шәкен жұлдыздары» атты кинофестивал өз тысауын кесті. Қазірде өз жалғасын тауып келеді. Бұл жақта жас кинематографияшылардың өнері сыналады. Фестивальдің басты мақсаты қазақ киносының салт-дәстүрін сақтай отырып, болашақ мамандарды шыңдату.
Шәкен Айманов өз өмірін, жүрегін шығармашылыққа арнаған адам. Оның туындылары Республикамыздың атын шығарды. Шәкен ағамыз кино саласында өзінің өшпес ізін қалдырды. Қазақстанға өз үлесін қосып, бізге үлкен мүмкіндіктерге жол ашты.
Шәкірат Мерей
№14 мектеп-лицейінің оқушысы
(Сурет tengrinews.kz сайтынан алынған)
23 ақпан 2024 ж. 4 397 0