Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Qazaqstan» телеарнасының «Қорқыт» тарихи телехикаясы халықаралық кинофестивальде үздік атанды

«Qazaqstan» телеарнасының «Қорқыт» тарихи телехикаясы халықаралық кинофестивальде үздік атанды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген төрт бөлімді «Қорқыт» тарихи биографиялық телехикаясы Монреальда өткен халықаралық Montreal International Film Festival кинофестивалінде «Үздік костюм» және «Үздік грим» аталымдары бойынша үздік деп танылды. Канадада өтетін дәстүрлі кинофестиваль кино саласындағы беделді байқаулардың бірі.

«Қорқыт» телехикаясының костюм бойынша қоюшы суретшісі Жанар Райым, киімдердің алғашқы жобасын салған Әсем Кенжетаева, ал грим бойынша қоюшы суретші Андрей Цирюльник. Туындының режиссері Қанағат Мұстафин, продюсері Шолпан Батырбаева.

Түркі халықтарына ортақ Қорқыт тұлғасына арналған тарихи драма Өзбекстанның «Маданият ва маърифат», Әзірбайжанның «СBC» арнасынан телеарналарынан да көрсетілді.

Алдағы уақытта Қырғызстанның «КТРК» және Түркияның «TRT» телеарналарынан телехикаяның қырғыз, түрік тілдеріндегі нұсқасы эфирге шығады.

Сериалдың толық нұсқасын «Qazaqstan TV» You Tube арнасынан көре аласыздар.

Сурет: kaz.inform.kz
04 тамыз 2024 ж. 387 0