Бүгін қазақ киносының күні тойланып жатыр
Бүгін, 12 қыркүйек - қазақ киносының күні. Бұл мереке 2005 жылдан бері тойланып келеді, деп жазады Egemen.kz.
1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің қаулысымен Алматы киностудиясы құрылған еді.
1960 жылы киностудия атауы «Қазақфильм» болып өзгертілсе, 1984 жылы оған қазақ кинематографиясының кемеңгер қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілген.
Қазақ киносы күнін атап өтуді 2005 жылы Қазақстан кинематографистері одағының басшысы болған Бауыржан Нөгербеков ұсынды. Содан бері 12 қыркүйекте «Қазақ киносының күні» жыл сайын аталып өтіледі.
«Бүгінде отандық кино саласы қарқынды дамып жатыр. Салалық заңның қабылдануы, ұлттық киноны қолдау орталығының құрылуы, Қазақстан бастамашы болған кинофестивальдердің жаңа сапалық деңгейге шығуы, қазақ фильмдерінің әлемдік кинофорумдарда мойындалуы және жоғары марапаттар алуы – мұның барлығы отандық кинематографтың үлкен әлеуетін көрсетеді», делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.
Сурет: ашық дереккөз