Құттықтаймыз!

Бүгінде Сырдың орталығы Қызылорда қаласында тұрғанымен туған топырақтан қол үзген емес. Әркез теңізді өлкеге бет бұрған сайын біздің басылымға құрмет білдіре жүретін ақын «Толқын» газетінің 90 жылдық мерейтойына орай өткен жыр мүшәйрасында жүйрік шыққан болатын. Қайда болса да, Аралдың жақсылығына тілекші болып жүретін жерлесіміздің бұл жетістігі – баршамыздың мерейіміз.
Мәдениет саласының майталманын құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық және шығармашылық шабыт тілейміз.
«Толқын» газеті