Бүгін Орталық алаңда «Жастықтың алтын әуендері» атты хит әндер кеші өтті. Көңілді кеште 1990-2000 жылдардағы әр тыңдарманның жүрегінде із қалдырған танымал әндер шырқалды.
Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған концерт барысында түрлі ойындар ойнатылып, ерекше ырғақтағы билер ұсынылды.