Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өнерімен өрге басқан жас талант

Өнерімен өрге басқан жас талант

Сыр өңірі әрдайым өнерлі жастарға бай өлке екені белгілі. Солардың бірі – Арал ауданының тумасы, жас та болса сахнада талай белестерді бағындырып үлгерген талантты әнші Дәулеткерей Қуантқанұлы. Аралдық өнерпаз Дәулеткерей ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Афион қаласының «Құрметті азаматы», доцент, композитор-әнші, Сауранбек Елеуовтың 70 жас мерей тойына арналған «Жұлдызым» атты облыстық әншілер байқауынан бас жүлде иеленді.
Айта кетейік, әнші түрлі деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға ие болып, аудан, облыс, республика, тіпті халықаралық сахналарда өнер көрсетті. Оның жетістіктері қатарында «Аналар» байқауынан бас жүлде, «Бозторғай» халықаралық байқауындағы І орын, «Сыр жұлдыздары», «Жұлдызым» секілді облыстық конкурстардағы жүлделі марапаттар бар.
Өнерімен елдің мерейін үстем етіп жүрген жас талант иесін бүгінгі жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік шыңдардан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.
"Толқын" ақпарат
24 қыркүйек 2025 ж. 181 0