Жырау Алмас Алматов ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.Олардың қатарында Алтын дауысты жырау, профессор Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алмас Алматов та бар. Алмас Нұрмаханұлы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.










