Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ тіліндегі аудармасында қате болған: «Мумбай қонақ үйі: Текетірес» фильмі прокаттан алынды

Қазақ тіліндегі аудармасында қате болған: «Мумбай қонақ үйі: Текетірес» фильмі прокаттан алынды

«Мумбай қонақ үйі: Текетірес» фильмі қазақ тіліндегі аудармасындағы қателіктер үшін Қазақстанда көрсетілмейтін болды. Осылайша, көпшілігі күткен жаңа фильм Қазақстанда прокаттан алынып тасталды,

«Өкінішке орай, кейбір фильм ұсынушылар фильмдерді қазақ тіліне аударуда қателіктер жібереді. Мысалы,«Мумбай қонақ үйі: Текетірес» фильмінде осындай қателік жіберілген. Бізге көрермендерден шағым түсе бастағандықтан, осы фильмнің жалдау сертификатын көрсетілімнен алып тастау туралы шешім қабылдадық», - деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Қазақстанда «Кинематография туралы заң» қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес кинотеатрларда көрсетілетін барлық фильмдер қазақ тіліне (субтитрлер немесе дубляж) аударылуы керек. Ал, ол аудармамен фильм ұсынушылар айналысады.
Айта кетсек, қазақ тіліндегі аудармасында қате кеткендіктен, прокаттан алынып тасталған «Мумбай қонақ үйі: Текетірес» фильмі шын оқиғаға негізделген. Фильмде 2008 жылдың 26-29 қараша аралығында Үндістанның Мумбай қаласында болған террорлық актілер сериясы туралы баяндалады.
http://stan.kz
24 мамыр 2019 ж. 1 110 0