Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Дана болсаң, бақытты боласың"

"Дана болсаң, бақытты боласың"

   Қытайдың "Дана болсаң, бақытты боласың" деген сөзі бар. Ал қалай ақылды адамға айналуға болады? Егер өзіңізге осы сұрақты қойсаңыз, ақылыңыз толысып, бақытты отбасы құруға қадам жасағаныңыздың белгісі. Ендеше дана әйелдерге арналған даналық сөздерді оқи отырыңыз. massaget.kz
   Мейірімді болу. Мейірімділік нағыз ақылына көркі сай әйел затының басты белгісі. Өз бойыңыздағы жанашырлық қасиетті әрдайым оятып, тамырынан қайта егіп, өсіріп отыру керек.
    Дана әйел – сыр сандық, іші жұмбаққа толы. Оның сыры әрдайым жұмбақ болып, өзіңе қызықтыра түсу. Өзіңізге назар аудартып, жанарыңызбен арбап, елту.
   Зерделі әрі қырағы болу. Ол өз отбасының, ошақ қасының, балаларының алдындағы жауапкершілігін еш естен шығармай, үйде жылылық орнатуы қажет. Болып жатқан кішкене мәселенің өзін дер кезінде байқап, ұлғайып кетпес үшін әкесіне жеткізбей шешіп отыру.
   Нәзіктікті де ұмытпау. Ол сіздің әр сөзіңізден, ісіңізден, жүрісіңізден, бет-әлпетіңізден көрініс табуы тиіс. Өз жақындарыңды махаббатыңа бөлеп, әрдайым мейіріміңді үйіп-төгіп отыру. Көтеріңкі көңіл күйде жүріп, қандай жағдай болса да күлімсіреу. Тіпті ең жақсы жасалған макияждың өзі қату қабақты жасыра алмайды. Әдемі күлімсірей білуді үйреніңіз, қажет болса айна алдында отырып жаттығуға болады. Биязы әрі тәрбиелі. Отбасында бітімге келуді игеріп, ерінің алдында бас июге дағдылану.  Кең болсаң кем болмайсың. Құрметтеп, еріңізді көкке көтерген сайын, сыйлаған сайын сыйлы әрі сүйікті бола түсесіз. Бір саты төмен тұратын орныңызды ешқашан ұмытпаңыз. Дәрменсіздігіңізді танытқан сайын ер адам өзін мықты сезініп, сізге деген жанашырлығы мен қамқорлығы арта түседі.
   Сабырлылық пен үндестік. Дана келіншек әрдайым үйде тыныштық, гармония орнатып, жанға жайлы жағдай жасап отырғаны абзал. Әйел затының күші ер адамның жанын жайландырып, денесін босаңсатып, тыныштандыра білуінде жатыр.
30 қазан 2019 ж. 860 0