Кезікпедім... Сәбира Мұхаметжановаға
Сол ызғарда өзіңмен кезікпедім.Кейін естіп, жаныңды ежіктедім.
Кезіккенде сәулелі құдіретіңмен
Жүрегімді кетер ме ең кезіп менің?
Көрсем егер жайшылық тымық түнде
Пікіріңе жол тауып біріктім бе?
Әлде ұяң сезімді жеткізе алмай
Сенің үркек көзіңнен үріктім бе?
Бәлкім саған кезіктім, кезікпедім...
(Мұндай зұлмат боларын сезіп пе елім?)
Сен жанымның лүпілін сезбесең де
Мен қызылкөз қоғамға «сезікті» едім.
Намыстылар сол күні жоқты іздеді,
Намыссыздар «ішінде жоқпыз» деді.
Тарбағатай түлеткен екеумізді
Шындық, бірақ, шыңына жеткізбеді.
Пәни деген алдамшы әңгүдікке
Байланғасын, тағдырды дәм біліп пе?
Іс жүзінде пікірі тоғысқанның
Тоғыспайды өздері мәңгілікке.
Бақытгүл Касенова
Кезіккенде сәулелі құдіретіңмен
Жүрегімді кетер ме ең кезіп менің?
Көрсем егер жайшылық тымық түнде
Пікіріңе жол тауып біріктім бе?
Әлде ұяң сезімді жеткізе алмай
Сенің үркек көзіңнен үріктім бе?
Бәлкім саған кезіктім, кезікпедім...
(Мұндай зұлмат боларын сезіп пе елім?)
Сен жанымның лүпілін сезбесең де
Мен қызылкөз қоғамға «сезікті» едім.
Намыстылар сол күні жоқты іздеді,
Намыссыздар «ішінде жоқпыз» деді.
Тарбағатай түлеткен екеумізді
Шындық, бірақ, шыңына жеткізбеді.
Пәни деген алдамшы әңгүдікке
Байланғасын, тағдырды дәм біліп пе?
Іс жүзінде пікірі тоғысқанның
Тоғыспайды өздері мәңгілікке.
Бақытгүл Касенова