Тәңірден келер тылсым күш
Күнделікті басылымдарға көз жүгіртеміз. Қайсыбіріне қадала қаламыз. Міне, міне... Облыстық «Сыр бойынан» (12.ІХ.2019 жыл) мына бір жолдарды тебірене шолып өттім. Жо-қ, қайталап оқыдым. Не депті дейсіз ғой? «...Қазіргі аға буын құдайсыздар заманында өмір сүрді.» Бірақ өздерін өзгеден тыс ұлы күштердің билейтінін санасында бірдеңесі бар адамдар сол заманның өзінде ұғып өсті. Осы орайда жаңақорғандық Кеңес Одағының Батыры Әнуар Әбутәліповтің соғыс кезінде басынан өткізген бір оқиға есітер құлақ үшін тындауға қызық.
...Командирдің бұйрығымен немістер тас қылып бекініс құрған Тисса өзенінің арғы бетіне жүзіп өтіп бекіну қажет. Әнуар арғы бетке жүзіп өтті. Жағалауға шығайын десе тік жар. Қиналғанда құлағында анасының сөзі естіледі. «Балам, былай жүз, сәл оңға қарай...» деп сілтеп отырған. Сілтеген бағытқа жүзіп, жағалауға шығатын қолайлы жерді тапқан Әбутәліпов командирдің бұйрығын орындап, сол ерлігі үшін Кеңес одағының Батыры атанған. Міне, тылсым деп осыны айт!»

Аса таяқ
Хо-ш, бұл жазбаны неге бөле-жара келтіріп отырмыз? Ойды ой қозғайды. Өткен-кеткен еске түседі. Сахитжан Сермағамбетұлы есімді асыл азамат болды. Үлкен-үлкен өндіріс орындарын басқарды. Аудандық партия комитетінің бюро мүшелігіне де, депутаттыққа да сайланды. Зейнетке шыққан кезі ғой «Тез кел, мына біздің Жантөре молданың әңгімесін тыңда» – деді.
Ол кісіні танимын. Сол үйде әлденеше рет кездескенмін. Иманжүзді адам-ды. Көп сөзге жоқ. Байсалды-ақ еді. Қаланың Шанхай бет жағында тұрады. Таңғы намазға тұрмақшы едім, – деді молда баяу үнмен, – бірақ жарық әлі жанбапты. Ол кезде электр ертеңгі 6-да жанатын-ды. Сосын қисайып қайта жаттым. Көзімді жұмғаным сол еді, біреу «тұр-тұрлап» аса таяқпен түрткендей болды. Ұшып тұрдым. Ешкім жоқ. Бұл не, елес пе, деп қараңғыны сипалап, дәрет суымды ала сыртқа беттедім. Қалың қар жауған. Арты боранға ұласқалы тұрған сыңайлы. Бірақ әзірге тыныш. Түйе қамаған қораның есігі бір жағына шалқия құлаған. Түйенің де, ұрылардың іздері ақ қарда баттиып жатыр... Апырай, ә?! Содан балдарды ояттым да, дереу әлгі ізге салдым. Қар бораса іздіктің жоғалуы мүмкін. Ұрылар да сондай есеп жасаса керек. Өзім полицияға телефон шалдым. Ноқталы, боталы ақ түйем қолды болды деп. Өзім де киініп балдардың артынан жүріп отырдым. Ақадал малым ғой. Қалай шыдайын. Іздік Быковский көшесіне қарай тартты. Бір шарбаққа келіп тірелді. Егде кісі шарбағының алдын қардан тазалап жүр.
– Таң атпай не жүріс, – деді қабағын түйіп.
– Түйенің ізімен келдік...
– Ноқталы ақ түйе ме?
– Иә, солай...
– Бері жүріңдер, мында! Екі балаң жігіт алып барады екен, мені көріп тастай қашты,– деп лекілдете күліп алды.
Ақ түйені жықпыл-жықпыл қораның ту-у түбіне байлапты. Үйінде еңгезердей біреу бөтелкенің аузын ашып, «жүзграмдатып» мәре-сәре. Полициялар оның өкшесін өлшеп еді, ақ қарға түскен ізге дөп келді. Жазадан құтылмасын білгесін қайдағы бір «балаң жігіттерді» ойлап тапқан ғой. Мен болсам аса таяғымен түртіп далаға шығарған тылсым күшке дұға бағыштауды әлі күнге ұмытқам жоқ.

Бұл – біздің түйе
Сен енді Қарша балаңызбен сөйлесіңіз, – деді Сахитжан досым шәйдің бір кесесін төңкеріп тастап, – ол да осындай бір оқығанын айтып еді...
– Оның үйі қайда?
– Үлкен трасса маңында...
Қарша – ұзын бойлы сылыңғыр қатқан қара. Есік алдында темекісін бұрқыратып отыр екен. Әзілге, қулық-сұмдыққа жоқ. Біртоға.
– Жезде-ке, жай келдіңіз бе? – деді сәлем-сауқат салып, есен-амандықты білгеннен кейін.
– Жай ғой, жай... «Деңгененің» жайын айтшы?
– Ә-ә, Сәкеңнен (Сахитжаннан) есіткенсің-ау! Айтайын, айтайын...
Ол және бір темекісін алып, түтінін бұрқыратты да, жайбарақат әңгімесін бастады.
– Өзім де таңмын. Жексенбі-тұғын. Сол күні әдеттегіден ерте тұрдым. Үйге бір кірдім, бір шықтым. Әлденеге алаңмын. Не нәрсеге? Білмеймін. Әйелім де сыртқа шықты.
«Әй, бәйбіше, маған бір қап берші» дедім
– Қап дейсің бе? Оны қайтесің?
– Анау үйдегі сойылатын түйеден бір төбе алайын.
– Қайдағы түйе?
– Әкелші енді?
Қапты алып үлкен трасқа қарай жүре бердім. Колонкадан су алып жатқан екі әйелге кездесіп, мал сойылатын үйді сұрап едім, төбе басындағы шарбақты сілтеді. Және өздерінің де бір-бір төбеге жазылғандарын, бірақ он екі жілікке алушылардың әлі тіктелмегенін айтты. Шарбаққа кірдім. Дәу қара нарды жығумен үш-төрт жігіт айналысып жүр. Ал мен қалт тұра қалдым. Көзім атыздай болды.
– Тоқтаңдар!.. – деп айқайлап жібердім.
– Немене?!
– Бұл – біздің түйе!..
– Неғыл дейді?!
Далақтап үйге қайтып, қаланың батыс бөлігінде тұратын Қожбай ініме телефон соқтым. Осылай да осылай... Полицияға да хабар жетті. Сол шарбаққа қайта бардым. Полиция өкілі:
– Түйе сенікі ме? – деді Қожбайға.
– Иә, менікі...
– Қалай дәлелдейсің?!
– Босатып жіберіңіз, тура біздің үйге бармаса, өзімдікі болса да осы малды алмағаным, – деп бір-ақ кесті.
Боталы нар тұрсын ба, солай қарай зытты.
– Сіз Қарша мырза, ініңнің түйесінің жоғалғанын алдын ала есітіп пе едің? – деді полиция.
– Жоқ, есіткем жоқ. Үйіміздің арақашықтығы 4-5шақырым. Ол қаланың батысында, мен шығысында. Және түйенің сойылатынын да есіткем жоқ. Бір түсініксіз құбылыс тыным таптырмады.

Жұма намазы
Күндердің ең ұлығы – жұма. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді. Мұсылмандар бұл күнді қуанышпен қарсы алып, мешітте жиналады. Үгіт-насихат, уағыз тыңдап, жұма намазын оқиды. Осындай бір іс-шара үстінде мешіт имамы орта бойлы, жұқалтаң жас жігітті нұсқап:
– Бір-екі аптадан бері жұма намазына қатысып жүр. Өзі біртүрлі, үн-түнсіз келіп, сол қалпында қайтады, – деді. Имамның сөзі қызығушылығымды тудырды да, мұның жөн-жосығын білейінші деп оған жанаса беріп, «есімің кім?» деп едім, ол тосын сауалға танданыс білдіріп тұрды да:
– Оңғар! – деп жауап қайырды. Және «Аға, былайырақ шығайықшы» деп алдыма түсті. Шеткерірек орындыққа жайғасқасын қызыл шырайлы жүзі құбылып, біразға дейін сыр ашпады.
– Иә, інім, жайшылық па? – дедім.
– Аға, білесіз ғой, біздің де автопарк жекешеленіп, менің үлесіме ескілеу «ГАЗ-53» қорапты машинасы тиді. Соны жамап-жасқап, ретке келтіріп, тіршілікке кіріскенмін. Базарға барамыз. Машиналар қатарласып тұрамыз, кезегіміз келгенде тапсырыс берушіге қызмет етуге жөнелеміз. Түске дейін бір-екі жерге бардым, аз-маз қаржы түсті. Түстен кейін жұмысқа баруға ықыласым болмады. Өзімді жайсыз сезіндім. Кеш батты. Қараңғылық түсті. Со кезде құйындатып үйіме Абаш танысым келді.
– Ойй, сені базардан іздесем, үйде екенсің ғой, жүр кеттік, – деді.
– Қайда?!
– Мына «Тоқабай» ауылындағы біреуге қосқан жылқым бар еді, байлап қойдым, алып кет деп жатыр. Болсаңшы енді! – деп әй-шайға қарар емес.
– Базарда машина көп емес пе? Бүгін мені қинама, тағы бірде...
– Қой әрі, сен тұрғанда, кімге жалынам, киінсеңші!
Амалсыздан жолға шықтым. «Аралтұз» арқылы өтеміз, небәрі елу-ақ шақырым. «Аралтұзға» кіре бергенде Абаш:
– Кировқа бұрылшы, соған соға жүрейік! – деді.
– Ау-у, мана «Тоқабайға» деп едің ғой?..
– Қойшы әрі, несіне қиналасың, бар шығының, су-майың менен, айда тарт «Кировқа!»
Бұрынғы «Қарақұм» кеңшарына қарасты бір ферманың орталығы, тәп-тәуір ауыл. Абаш абажайдай үйдің терезесін қағып, өзі қатарлы біреумен апақ-сапақ болып сөйлесті де, оны да қасына алды. Сонымен үшеу болып жүріп кеттік. Түн ортасында «Тоқабайдың» шамы көрінді. Мені қыстаққа таяу бір төбенің астына қалдырды да, өздері жаяулап кетті. Осы арада күт деді. Мен ойладым. Иә, мынау мал тиеуге қолайлы иін екен. Жылқыны осында әкелетін болар деп... Бірақ олар келіп болмады. Сағат түнгі үшті көрсетті. Кабинаға кіріп, есікті жауып алдым. Көзім ілініп кетіпті... Шұбатылған ақ көйлекті, ақ кимешек киген кейуана әлжуаз жұдырығымен капотты соққылайды... «Қайт, жоғал тез!» деп каһар төгіп тұр. Селк ете қалдым. Шошып ояндым. Қапелімде стартерді тапсамшы!.. Бір кезде гүр етіп от алды-ау! Айыр түйені бұйдасынан тартқылаған екеу де жақындап қалыпты. Әйтсе де, оларға тоқтамадым.
– Ал-л, сосын?!
– Кейін бәрі белгілі болды. Екеуі түйені жетектеп қалаға тартады. Енді түйенің иесі оянбай ма? Үй айналасын шарлап, ақыры түйенің тарпаң ізіне түсіп, ұрылардың ізін ала жүріп отырады. Полицияға хабар береді. Сөйтіп деңгенелеп жатқан түйенің үстінен түседі.
– Сені жауапқа шақырды ма?
– Шақырды. Бірақ ұрлыққа қатысым болмағасын босатты. Егер кимешекті әже капотты соққыламағанда ма? Мен де сол қарақшылардың сапында болатын едім... Содан бері Жаратқан иеге жалбарынып, жұма намазына келіп жүрмін. Бұл не, аға? Мені жазадан құтқарған қандай құдірет, бұл?!
...Не дейін? Жөнді жауап қайыра алмадым. Бұл дегенің адамзат ғылымы әлі аша алмаған әлем құпиясы емес пе? Десе де Абай дана: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» депті ғой деп көңілін демеген болдым...

Шәкірат Дәрмағамбетұлы,
дербес зейнеткер
Арал қаласы
дербес зейнеткер
Арал қаласы