Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық әйелдер ел спорты тарихында алғаш рет Ла-Маншты жүзіп өтті

Қазақстандық әйелдер ел спорты тарихында алғаш рет Ла-Маншты жүзіп өтті

Қазақстандық триатлоншылар Эльфира Дудник, Елена Кун, Мадина Құрманбаева және Әнел Сыдықова ("Iron Moms KZ" - "Темір аналар" командасы) экстремалды ультра-триатлонды сәтті аяқтады Отандастарымыз Лондондағы Мәрмәр аркасынан бастап, Париждегі Триумфалды аркаға дейін 480 шақырым қашықтықты бағындырды. Олар ел спорты тарихында алғаш рет Ла-Манш каналын жүзіп өтті. Олар Лондоннан Дуврға дейінгі 140 шақырымды жүгіріп, Ла-Манш (ағылшын каналы) арқылы 36 шақырымды жүзіп, Парижге дейінгі 290 шақырымды велосипедпен жүріп өтті. Команда 480 шақырымды 56 сағат 11 минутта жүріп өтті.
https://massaget.kz

05 шілде 2019 ж. 861 0