Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ауылдың айтқыштары...

Ауылдың айтқыштары...

Бір кездері күшік біткеннің бәрін құлағын шауып, құйрығын кесіп тастау сән болды ғой. Мұндай үрдіс әлі де бар шығар. Сондай сәнді қызық көрген ойын баласы үйіне енді әкелген күшіктің құлағы мен құйрығын шауып жанына ертіп жүрген ғой. Мұндай көріністі оғаш көрген бір әзілге жақын көкеміз: – Ай, балам-ай, анау күшіктің дымын қалдырмапсың ғой. Енді төрт аяғын шауып тастап, қолыңа ұстап жүрсеңші, – депті. * * * Сабақтан қашып, ойнауды көздеген оқушы үйіне бармастан өзге достарымен асыр сап жүрмесі бар ма? Оны сыртынан көрген атасы, сабақтан қашқан немересін қорқытпақшы болып: – Тығыл, балам, апайың келе жатыр, – деген ғой. Атасының бұл сөзіне тосылмаған немересі: – Ата, керісінше сіз тығылыңыз! – Неге мен тығылуым керек? – Апайға сізді қайтыс болды деп айтып, ерте кетіп қалғам, – депті.
21 желтоқсан 2019 ж. 1 639 0