Абайдың әнін шырқаған 20 жастағы алматылық бойжеткен "Қазақ аруы" атанды

Алматы облысының 20 жастағы аруы Нарқыз Айдарова "Қазақ аруы – 2020" атанды, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.
Продюсер Баян Алагөзова ұйымдастыратын байқау биыл 10 рет өтті. Алматыда Республика сарайында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 19 бойжеткен қатысты. Қатысушылар сұлулық, жоғары интелект, салт-дәстүр және өнерден бақ сынады.
Байқауда Нарқыз Айдарова Абай Құнанбайұлының "Айттым сәлем, Қаламқас" әнін орындады.