Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әлем аруы 2019" байқауының жеңімпазы белгілі болды

"Әлем аруы 2019" байқауының жеңімпазы белгілі болды

"Әлем аруы 2019" атағын Ямайкадан келген 23 жасар Тони-Энн Сингх (Toni-Ann Singh) иеленді. Бұл туралы stan.kz  ақпарат агенттігі байқаудың ресми сайтына сілтеп хабарлайды.

Марапаттау рәсімі 14 желтоқсанда Лондонда өтті. Әлем аруына тиесілі тәжді өткен жыл жеңімпазы, мексикалық модель Ванесса Понсе де Леон (Vanessa Ponce de Leon)табыстады.
Тони-Энн Сингх "Әлем аруы" халықаралық сұлулық байқауында жеңіске жеткен Ямайкалық төртінші ару. Соңғы рет осы елден келген қыз 1993 жылы "Әлем аруы" атанған еді.
Жеңімпаз АҚШ-та Флорида штатының университетінде оқиды. Ол ән айтуды ұнатады, балетпен айналысады және бірнеше музыкалық аспаптарда ойнай алады. Осының бәрі оған "Әлем аруы" аясында өткен таланттар байқауында бірінші орынға иеленуге көмектесті. Тони-Энн Сингх ұраны - "Өзің жарқырасаң, басқалар үшін де осындай мүмкіндікті ашасың".                                                
Бірінші вице-мисс француздық Офели Мезино болды. Екінші вице-мисс Үндістанның өкілі Суман Рао атанды.
Интернет арқылы және телефон арқылы дауыс беруге 100 миллионға жуық адам қатысады деп күтілуде, ал байқау финалының көрсетілімін әлемнің 140 елінде 900 миллионнан астам көрермен тамашалайды.
"Әлем аруы" сұлулық байқауы 1951 жылдан бері өткізіліп келеді. Келесі жылы "Әлем аруы" тәжін 70-ші рет тапсырады. Марапаттау Таиландта өтеді деп күтілуде. 
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында Оңтүстік Африка республикасының өкілі 26 жасар Зозибини Тунци "Жаһан аруы 2019" сұлулық байқауын жеңіп алды. Ол гендерлік айырмашылықтар мен стереотиптердің негізінде зорлық-зомбылыққа қарсы тұрады.
Халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан 20 жасар Мадина Батық қатысты.
Халықаралық байқау кезінде ол Топ-40-қа кіре алмады. 

15 желтоқсан 2019 ж. 792 0