Үш тілім нан ақысы

– Бүгін саған берілген азықтың мөлшері қандай болды?
– Үш тілім нан.
– Ондай болса неге өзіне түк қалдырмадың?
– Ит өте аш көрінді. Жартысына тоймас еді.
– Енді өзің не жейсің?
– Ораза ұстаймын.
Абдулла бин Жаппар құлдан иесінің аты-жөнін сұрап алады. Иесіне барып құрма бағымен бірге құлды да сатып алады. Қайтып келіп, құлға бақпен бірге өзін де сатып алғанын хабарлайды да: «Сені азат етемін. Осы бақты да сыйым ретінде қабыл ет».
Осыны естіген ел: «Сізден асқан жомарт жоқ шығар, сірә! Ол құл итке бар жоғы үш-ақ тілім нан берді, сіз болса оның ақысына үлкен құрма бағы мен азаттық сыйладыңыз» дегенде, Абдулла: «Күмәнсіз ол менен асқан жомарт! Өйткені, ол қолдағы барын берді, мен болсам бір бөлігін ғана...», – деген екен.