"Қайдасың, қасқа құлыным"

Бұл туындысында жазушы Оралхан Бөкей туған жерінің әсемдігі мен табиғатының сұлулығын, тау мен тастың да өзіндік бір ерекшелігі бар екенін суреттеп көрсетеді. Әр адам баласына өзінің өсіп, сол жердің тәрбиесін бойына сіңірген туған жері үлкен байлығы. Топырағына аунап, кең даласында еркін жүгіріп, балғын балалық шағының куәсі болған өз жерін ешкім де тастап кете алмасы анық. Ғабит Мүсірепов ағамыз: «Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ» дегендей, өз еліміз бен жеріміздің қадір-қасиетін биік қойғанымыз жөн.
Қазіргі жастарымыздың бойынан автор бейнелеген туған жерге деген сүйіспеншілік пен сағыныш байқалады ма?! Иә, көптеген жастарымыз отансүйгіш. Жүректері елім деп соққан ерлер де арамызда жоқ емес. Бірақ кей жастарымыз ауылды тастап, қалаға бет алады. Шет елге қоныс аударып жатқандарын естіп те жүрміз. Сол үшін келешек жас ұрпағымызды туған жердің қадірін сездіріп, ақын-жазушылардың шығармалары арқылы жүректеріне елге деген құрметті көрсете білгеніміз дұрыс.
А. Нұрланова,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 4-курс студенті