Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Көркем сөздің кемеңгері

Көркем сөздің кемеңгері

«Ұлылардың мұрасы да,мұраты да, атақ-даңқы да кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі»Н.Ә.Назарбаев
Талант- жаратушының сыйы.Қасиетті міндетті абыройлы атқару – дарынға жүктелген зор міндет. Ел жүрегіндегі қатпары қалың мұңды айта біліп,қаламынан туған көркем дүниесі көңілден шыға білсе,өнерпазға құрмет, өнеріне ілтипат арта түседі. Сондай қаламгерлердің бірі, бірегейі, өзіндік қолтаңбасы бар әдебиет әлемінің заңғары – Әбдіжәміл Нұрпейісов.
Арал халқы үшін бүгін үлкен мереке.Киелі Арал топырағында туып өсіп, қазақ әдебиетінінің абызына,әлемдік әдебиеттің көркемдік өкіліне айналған Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жаста.
Арал топырағы қашаннан ел бастаған көсемдер мен сөз бастаған шешендерден кенде болған емес. Оның арғы-бергі тарихында ел қорғаған батырлар да, жыр маржанын шашқан шайырларда елге үлгі болған. Аралда туған осындай талант иесі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ерен еңбегі туған өлкемнің бейнесі.
Атақты жазушының қаламынан туған «Қан мен тер» трилогиясын оқыған адам дарабоз дарынның адмның көңіл күйін, мінез-құлқын шебер талдағанына еріксіз тәнті болып,менің туған жерімнің табиғатын, қазақы тіршілігін, қазан төңкерісі алдындағы тағдырын,кеңес заманымен ұласқан өмірін көз алдына елестете алады.Сонымен қатар оның жазира даласына деген сүйіспеншілігін аңғарады.
Шығарма желісіне тоқталатын болсақ «Қан мен тер» үш кітаптан тұрады: «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу». Бұл романды жазушы он бес жыл жазды. «Қан мен тер» - символдық атау. Қан- өмір үшін күресті бейнелесе, тер- сол күрес жолындағы қиындықтар символы. Шығарманың үш негізгі кейіпкері – Еламан, Ақбала, Тәңірберген. Еламан –кедейліктен көз ашпаған,қарапайым балықшы. Тәңірберген –атақты бай, мырза, Ақбала өзі сүйген жанды сүйе алмайтын жан.
Романдағы жиынтық мінез кейіпкерлер арқылы қазақ халқының тағдыры шынайы суреттеледі. Уақыты өзгергенімен, заманалық зәрулігі өзгермейтін туынды.
Қазақ прозасының хас шебері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өзінің туған жері туралы жазған керемет романының бірі «Соңғы парыз» романы. Қаламгер әйгілі еңбегінде ХХ ғасырдағы ел, туған жер, теңіз тағдырын барынша шынайы суреттейді.
Міне, жазушы бар өмірін халқына арнап,қазағымның көз жасын,қалың елдің азалы үнін естіп,олардың еңсесін көтеру мақсатында өзінің айбынды шығармаларын арнап,ақиқаттың ақ туын аңсап, ерен еңбегімен арманына жетті.
Сөз соңында «Тектілік пен кісілік танытқан ұлы тұлғаның өмірі ұрпағына өнеге.Көпті көрген кемеңгер. Оның бойында өзгелерде бола бермейтін адами қасиеттер жеткілікті, тұлға деңгейіне дейін көтерілген қайраткер.Сирек кездесетін дара тұлға, ұлттық рухтың символы, ерлік пен өр мінез танытқан , халық мүддесінің жанашыры, мемлекеттік деңгейде, кең ауқымда ойлайтын, тектіден шыққан, кісілігі мол жан» -деп бағалар едім. Ұлы жазушының бай мұрасынан тәлім алып, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру біздің парызымыз.
Жарылқапова П. №83 мекте
28 қазан 2019 ж. 1 188 0