Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ә.Нұрпейісов шығармашылығы туралы пікір

Ә.Нұрпейісов шығармашылығы туралы пікір

Өз ұлтының тектілігі мен қайсарлығын бір бойына жинаған, киелі Арал өңірінде дүниеге келген қазақтың біртуар перзенті Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өзіндік стилі, шығармашылық тұлғасымен де, адамдық болмысымен де қазақ деген ұлттың табиғатын таныта алатын, сонымен қатар қазақтың сөз қазынасындағы әрбір дүниені орнымен қиыстыра білудегі ешкімді қайталамайтын, ешкімге ұқсамайтын қас шеберлігі шығармаларынан айқын аңғарылады.
Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеалы жататыны сөзсіз.
Себебі “Әдебиетші — таптың көзі, құлағы және үні. Ол өз табының көңіл күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді” (М. Горький). Жазушы өз творчествосымен өмірге үн қосады, үн қосқанда өз табының мақсат-мүддесіне сай үн қосады. Көркем әдебиеттің жұрт үшін әшейін көңіл көтеру, бой сергіту, “рахаттану құралы емес, адам тіршілігінің заңды жағдайларының бірі” (Л. Толстой) болатынын дәлелдеген жазушының бірі – Ә.Нұрпейісов болатын.
Өйткені қазақ халқында парыз бен қарыз туралы түсінік, дәстүр мен туған топыраққа адалдық жайлы ұғымдар ықылым заманнан бері қалыптасып, атадан балаға мұра болып келеді. Әр ұрпақ осы сұрыпталған қазынаға ие болу арқылы өз кезеңін нұрландырып отырады.
Бабаларымыздың дүниеге, өмірге, туған жерге деген философиялық таным-түсінігі, көзқарасы да бізге атаның қаны, ананың сүтімен дарығанына мақтанумыз керек шығар.Өз туындыларында осы міндетті айқын танытқан атақты жазушы Ә.Нұрпейісов есімін атағанда ,онымен бірге тағы да Арал апаты еске түседі. Қаламгер шығармашылық ғұмырының тең жартысын туған жері – Аралға арнаған . Қаламын найзадай білеп, Аралға араша түсу – жазушы ғұмырының “Соңғы парызына” айналыпты. Қазақ әдебиетінде жарық көрген бұл роман осы күнге дейінгі жазылған ромадарынан жазылу үлгісімен де,көркемдік әлемімен де ерекшеленіп тұрады.
Францияның атақты тұлғаларының бірі Жан Монтальбетти: “Өмірдегі әділетсіздік атаулыға қарсылық білдірген қаламгер қарапайым тілмен үлкен шындықты айта білген. Осынау сөз саптаудағы қатал кірпияз-дығының арқасында Нұрпейісов өзіне ғана тән таңғаларлық қолтаңбасы бар, заманымыздың ең терең жазушыларының бірі дәрежесіне көтерілген”,-деп жазушының руханияттағы дара орнын және оның әдеби дамуға қосқан үлесін байыптады.
Талғампаз жазушының «Соңғы парыз» атты бұл романы қоғам мен заман,адам табиғатына толғана қараған суреткердің жаңа да батыл
ұмтылысын байқатады.Атақты тұлғаның адамзат өркениетіне сіңірген еңбегі өлшеусіз.
Күні кеше ғана 95 жасқа толып отырған қазақ әдебиетінің абызы, классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысымен «Қазақстаннның Еңбек Ері» атағын алды. Ешкімге ұқсамайтын туындылары арқылы өз елі түгіл айдай әлемге аты мәшһүр даңғайыр жазушымызды бұл айрықша мемлекеттік марапатқа әбден лайық деп есептейміз. «Ер қадірін ел біледі» деген аталы сөздің куәсіндай осынау ыстық ықыласқа біз де шын жүректен қосыламыз.
Енсепова Тазабике Жанкушиовна
«№220 орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекмесінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі
28 қазан 2019 ж. 1 295 0