Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құрметке лайықты тұлға

Құрметке лайықты тұлға

     Қазақ әдебиетінің классигі, қасиетті Арал топырағында дүниеге келген заңғар жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдық мерейтойын ерекше ықыласпен аталып өтті.
         Әдебиет әлеміне романмен келген қаламгер-публицист, екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордерінің иегері қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды. Мемлекет басшысы қол қойған Қаулы барлық Арал жұртшылығын қуанышқа бөледі. Барша Сыр өңірі мен қазақтың абыройын асқақтаған қаламгер алақандай ауылдан шықса да, күллі әлемге қазақ әдебиетінің асқақтығын айшықтап берді.Халық жазушысының романдары оқырман жүрегінен ойып орын тауып, көкейде өшпеске жатталып қалған теңдессіз туындылар болып саналады. Арал теңізінің тағдыры мен балықшылар өмірі суреттелген үздік шығармасы «Қан мен тер» романы отыздан астам шетел тіліне аударылып, әлем әдебиетінен өзіндік орын алды.
         Қуатты қалам иесінің жазушылық шеберлігінен туындаған жалпы адамзаттық мәселелерді арқау еткен шығармалары қазақ әдебиетінің дамуына, оның әлемдік деңгейде танылуына айрықша үлес қосты. Осындай дарынға ие шығармашылық әлемінің қайраткері қандай да болсын құрметке әбден лайықты.
Інжу Алдабергенова
Белсенді жас
28 қазан 2019 ж. 805 0