Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жұлдызы жанған жоғары (Зейнолла Шүкіровке)

Жұлдызы жанған жоғары (Зейнолла Шүкіровке)

Сөнбейтін шырақтайсың,
Сарқылмас бұлақтайсың.
Қара жер қатып қалған,
Қайсардай бір ақынын,
Көтерген құлатпай шын.

Кім болды, кім болды екен?
Дүние думанынан,
Жасырған жүзін бекем.
Жырларын шашу қылып,
Шырақтай жанған көкем.

Айтатын әні есте,
Сөйлейтін сөзі кесте.
Жүрген ең жерді баспай,
Тұғырлы тұлғалым-ай,
Түсетін жиі еске.

Заманның жырын төккен,
Бұлбұлдың үнін еккен,
Бір жерден, бір жерлерге,
Тырналар жұбындай боп,
Тобы мен өзі жеткен.

Бөгендей жері бөлек,
Қазақтай елім керек,
Түнекке нұрын сепкен,
Сезімін серік еткен,
Қаһарман қандай жүрек?

Теңіздей тулап соққан,
Ойлары жүйрік оқтан,
Маңқиған құс төсекте,
Шамдары маздап жанған,
Таңдары аппақ атқан.

Аралдың Ақиығығы.
Бір туған батыр ұлы.
Ғаламнан хабар алып,
Сырларын әнге бөлеп,
Шулаған шағала үні.

Жұлдызың биік көкте,
Өмірге айтпас өкпе.
Тайсалмай тағдырына,
Көтерген барлығын да,
Жырлары жатыр ұқсап,
Аралдың айдынына.

Шолпан Балманова
Нұр-Сұлтан қаласы







16 ақпан 2021 ж. 1 541 0