Сырласым сырлы "Толқыным"
Сырласым,сырлы "Толқыным",
Қалыбы, ойы алтын кен.
Еншілеп есім берген-ау,
Аралдан соққан толқының.
Ғасырға кеткен үні бар,
Жылдарға жеткен жүгі бар.
Айларда айқын ой айтып,
Әр апта алған төрі бар.
Парақтап әрбір беттерін,
Оқымай тастап кетпедім.
«Толқын» - деп, танып өзіңді,
"Толқыннан" таптым өзімді.
Төрінде тұрсың тоқсанның,
Айтатын сөзің тоқсан мың.
Тоқсан да ауыз сөзімнің,
Шештім де сенен түйінін.
Сырласым сырлы Толқыным,
Тілекті арнап толқыдым.
Айнымас адал досы бол!,
Аралдық асыл халқымның!.
Шолпан Балманова
Қалыбы, ойы алтын кен.
Еншілеп есім берген-ау,
Аралдан соққан толқының.
Ғасырға кеткен үні бар,
Жылдарға жеткен жүгі бар.
Айларда айқын ой айтып,
Әр апта алған төрі бар.
Парақтап әрбір беттерін,
Оқымай тастап кетпедім.
«Толқын» - деп, танып өзіңді,
"Толқыннан" таптым өзімді.
Төрінде тұрсың тоқсанның,
Айтатын сөзің тоқсан мың.
Тоқсан да ауыз сөзімнің,
Шештім де сенен түйінін.
Сырласым сырлы Толқыным,
Тілекті арнап толқыдым.
Айнымас адал досы бол!,
Аралдық асыл халқымның!.
Шолпан Балманова