Қайырымдылық – қадірлі іс

Осы орайда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін "Мектепке жол", «Наурыз жылулығы» акциялары бойынша әлеуметтік жағдайларына байланысты көп балалы, жетім, толық емес отбасыларына көмек көрсетіп келеді. Солардың бірі – жартылай жетім Д.Жасұланның анасы Г.Қыстаубаева өзінің жұмыссыз және көп балалы ана екенін айта отырып, берілген көмекке алғысын білдірсе, тұрмысы төмен, жалғыз басты ана, техникалық қызметкер Б.Сүлейменова азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек бергендері үшін кәсіподақ ұйымына ризашылығын білдіріп, батасын берді. Осындай қайырымдылық іс-шаралары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз.
Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Ендеше, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.
Ләззат ӘМРЕЕВА,
№177 орта мектебінің
кәсіподақ ұйымының төрайымы