Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Оқырманға сауал

Оқырманға сауал

Қазақ қашаннан ырымға сеніп, сол сенімі орындалып келген халық. Көрген түсінің өзін жақсылыққа жорып, келер күннен жақсы хабар күткен бұл ел, көнеден келе жатқан ырымдарды да есінен шығарған емес. Жаңа туған нәрестені періштеге балаған қазақ жұрты баланың әрбір қылығын болашақтан берілетін хабар санаған. Осы орайда сіздерге мына сауалды жолдағымыз келіп отыр. Бала аяғының бәшайын ауызына салып сорса, оны қандай жаңалыққа жорыған? Өз пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар!

"Толқын" газеті.

19 қаңтар 2018 ж. 1 640 1

Сая Серікқызы от 19 қаңтар 2018 18:20
Кішкентай сәби аяғының бәшайын аузына салса, дана халқымыз артынан үйірін шақырады, яғни, ізінен тағы бір сәби ереді деп жорамалдаған.