Қадір түнін қалай өткізу керек?
Бүгін барша мұсылман қауымы қасиетті Қадір түнін қарсы алады. Биыл пандемияға байланысты бұл түні мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн өтеді.
Мамырдың 8-нен 9-на қараған түні күн батқан уақытта қасиетті Қадір түні кіреді. Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын дәрет алып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауға тиіс.
Мұсылман қауымының Қадір түнін асыға күтудегі тағы бір себебі – Жаратушыға жақындау. Қадір түнінде тілеген дұға-тілектер сөзсіз қабыл болады. Сондықтан адамдар бұл түнді тағатсыздана күтіп, оны құр жіберіп алмауға, бұл түнді тиімді пайдалануға тырысады.
Достармен көңіл көтеріп, ән айтуға, билеуге, сауық кештерін ұйымдастыруға тыйым салынады. Теледидардан ойын-сауық бағдарламалары мен фильмдерді де көруге болмайды. Оның орнына тәрбиелік мәні бар дүниелерді тамашалаған дұрыс.
Қадір түнінде түні бойы дастарқан жайып қою шарт емес.
Мұсылмандар бұл түнді құлшылық етіп, шын жүректен өкініп, күнәлары үшін кешірім сұраумен өткізуге тиіс. Таңға дейін Қасиетті Құран кітабын оқып, дұға жасаған абзал.
Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан барша мұсылманның амандығын, өзара достық пен бауырмашылдықтың артуын, Ислам әлемінің біртұтастығы мен күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескеріп қасиетті Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режимде өтетінін хабарлады.
Мүфтият азаматтарды Қадір кешін үйде өткізуге шақырып, халықтың денсаулығы мен өмірі бәрінен қымбат құндылық болғандықтан, осындай уақытша шешімді дұрыс қабылдауды және тәртіпке бағынуды сұрады.
Қадір түнінде отандық телеарналар мен «Халық арна», «Хикмет ТВ» және muftyat.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы онлайн бағдарлама көрсетіледі. «Қасиеті мол қадір түні» онлайн бағдарламасында белгілі ғалымдар уағыз-насихат айтады. Сондай-ақ Құран хатым дұғасына қатысуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар қазақстандықтар діни басқарма жанындағы ақпарат беру орталығынан 8 7172 33 30 30 нөміріне хабараласып, тәулік бойы қызықтырған сауалды қоя алады.
Мамырдың 8-нен 9-на қараған түні күн батқан уақытта қасиетті Қадір түні кіреді. Алланың мейірімінен үміт еткен әрбір адам Қадір түні кірместен бұрын дәрет алып, таза киім киіп, үстіне хош иісті әтір сеуіп, қасиетті түнді күтуге дайындық жасауға тиіс.
«Қадір түні мың айдан да қайырлы, бұл түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар,»- делінген.«Қадір» деген сөздің өзі араб тілінен «тағдыр» деген мағына береді. Сол себепті бұл түнде адамның бір жылдық тағдыры ғана емес, ризық-несібесі де жазылады. Сондықтан бұл түнді барынша құлшылықпен өткізген жөн.
Мұсылман қауымының Қадір түнін асыға күтудегі тағы бір себебі – Жаратушыға жақындау. Қадір түнінде тілеген дұға-тілектер сөзсіз қабыл болады. Сондықтан адамдар бұл түнді тағатсыздана күтіп, оны құр жіберіп алмауға, бұл түнді тиімді пайдалануға тырысады.
Қадір түнін қалай өткізу керек?
Бұл түні адамдардың сыртынан ғайбаттап, өсек айтуға, ішімдік ішуге, жанжалдасуға, дауласуға болмайды.Достармен көңіл көтеріп, ән айтуға, билеуге, сауық кештерін ұйымдастыруға тыйым салынады. Теледидардан ойын-сауық бағдарламалары мен фильмдерді де көруге болмайды. Оның орнына тәрбиелік мәні бар дүниелерді тамашалаған дұрыс.
Қадір түнінде түні бойы дастарқан жайып қою шарт емес.
Мұсылмандар бұл түнді құлшылық етіп, шын жүректен өкініп, күнәлары үшін кешірім сұраумен өткізуге тиіс. Таңға дейін Қасиетті Құран кітабын оқып, дұға жасаған абзал.
Қандай дұға оқылады?
Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) : «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Алла елшісі: » Уа Аллам! Сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, менің күнәларымды кешіре гөр», – деп дұға етуге кеңес берген.Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан барша мұсылманның амандығын, өзара достық пен бауырмашылдықтың артуын, Ислам әлемінің біртұтастығы мен күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.
Қадір түні қашан аяқталады?
Қадір кешінің уақыты күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады.Биыл қасиетті түнді мешітте қарсы алуға бола ма?
Пандемияға байланысты қазақстандықтар биыл да Қадір түнін мешітте емес, үйде қарсы алады.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескеріп қасиетті Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режимде өтетінін хабарлады.
Мүфтият азаматтарды Қадір кешін үйде өткізуге шақырып, халықтың денсаулығы мен өмірі бәрінен қымбат құндылық болғандықтан, осындай уақытша шешімді дұрыс қабылдауды және тәртіпке бағынуды сұрады.
Қадір түнінде отандық телеарналар мен «Халық арна», «Хикмет ТВ» және muftyat.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы онлайн бағдарлама көрсетіледі. «Қасиеті мол қадір түні» онлайн бағдарламасында белгілі ғалымдар уағыз-насихат айтады. Сондай-ақ Құран хатым дұғасына қатысуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар қазақстандықтар діни басқарма жанындағы ақпарат беру орталығынан 8 7172 33 30 30 нөміріне хабараласып, тәулік бойы қызықтырған сауалды қоя алады.
kyzylorda-news.kz