Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қадір түні – қадірлі түн

Қадір түні – қадірлі түн

2019 жылы 6 мамырда басталатын және 4 маусымда аяқталатын мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде, яғни 31 мамыр күні ерекше түн болады. Айлардың ішінде ең сұлтаныРамазан айы болса, түндердің ішіндегі ең қайырлысыҚадір түні. Бұл түнсөзсіз ең қадірлі түн. Алла Тағала оны берекелі етіп, басқа түндерден ерекшеледі. Құлшылық етіп сауапқа кенелуге ең ұтымды кезеңҚадір түні. Ал адамның ең қорқынышты кезеңі қабірге орналастырылған кезі. Қадір түнін құлшылықпен өткізу, қабірдің жарқырап, нұрлануына жолашады.
Қадір түнінің қасиеттілігі сондай, Алла Та­ғала осы түнге арнап бір сүре түсірген. Құ­ранда «Қадір түні» деп аталатын сүре бар. Қадір – қасиетті, берекелі түн. Сондықтан осы түнді барлық мұсылмандар құлшылықпен өт­кізіп, отбасының амандығын, елдің тыныш­ты­ғын тілеп дұға жасайды. Қадір кешін құл­шылықпен өткізген адам үлкен сауапқа ке­неліп, екі дүниенің қуанышына бөленеді. Ежел­гі заманнан бері бұл кезең барлық мұ­сыл­мандар үшін ең маңызды болып са­на­лады. Мұсылмандардың осы уақытта жа­са­ған амалдары мыңдаған айлар бойы жа­са­ған әрекеттеріне қарағанда маңызды. Алла Ел­шісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі бол­сын) салауат айтып, шапағатынан үміттеніп, оның үмбетінен болғанымызға шүкіршілік жасап, оның жолын берік ұстануымыз шарт. Ме­шітке барып уағыз-насихат тыңдап, жү­ректі кір-қоқыстан шайып, көңілімізді нұрға толтырғанымыз абзал.
Бұл түн ерекше. Иә, шынында да, Қадір түні атына заты сай, адамзат баласының келешегі үшін аса қадірлі. Хақ Тағала адам баласына шайтанның арбауына тез көнетін нәпсіні бе­рік сынап, өзінің аса мейірімділігімен бұл тығы­рықтан сытылып шығатын даңғыл жолды да меңзеген. Ол даңғыл жол – қасиетті Қадір түні тәубеге келіп, ықыласты түрде кешірім сұрап, жан-тәнімен Хаққа жалбарынып, болашағына зор үміт артып, Тәңірінің жасыл бақтары бар жұмағына жетелейтін рақым жолы. Лайым, осы жол – барша адамзатқа нәсіп болғай.
Сонымен бірге, Қадір түнінде Алла Таға­ла­ның әрбір адамның тағдырын, сондай-ақ ол өтуі тиіс қиындықтар мен сынақтарды бел­гі­лейтінін ұмытпаған жөн. Ал адамдар бел­гіленген дәстүр бойынша болашаққа жоспар құрады. Мысалы, сіз бұл кезде өзіңізге және жақын адамдарыңызға жақсы болашақ сұ­рай аласыз және Жаратушының сіздің дұға­ла­ры­ңызды еститініне сеніңіз.
Бұл түні таң ағарып атқанға дейін Аллаһ Та­ғаланың мейірімі төгіліп тұрады. Сондықтан Қадір түнін мұсылмандарға тән қасиеттерге сай лайықты өткізуді тілейміз. Берекесі мен қайыры мол түн 31 мамырдан 1 маусымға қа­ра­ған Қадір түні аудандық орталық мешітте Құран хатым дүғасы оқылады.
Қадір түнін игілікпен өткізуді нәсіп етсін!
К.
Зденова
28 мамыр 2019 ж. 2 548 0