Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Суицид – қасіреттің қара түнегі

Суицид – қасіреттің қара түнегі

Суицид – адамзат басына төнген ортақ қауіп. Бұлай демеске де амалымыз жоқ. Суицид, яғни өз-өзіне қол жұмсау қиындықтан құтылудың тура жолы деп ойлайды, бірақ олай қиындықтан құтылудын тура жолы емес, күнәнің нағыз ауыр екенін неге ескермейміз?!  Мамандардың дәлелдегеніндей, өзін өлімге қиятындардың 19% – жазалау алдындағы қорқыныштан, 18% – рухани дерттен, 18% – отбасылық уайым-қайғыдан, 6% – қорқыныштан, 3% – қаржылық мәселелерден, 1,5% – өмірден жалығудан, 1,2% – ауруға шалдығудан орын алса, 41% өлімнің себебі белгісіз күйінде қалып жатыр. Сондай-ақ елімізде  суицид оқиғалары өршіп тұр.
Соңғы кездері жастар мен жасөспірімдер психологиялық күйзелісті, яғни стреске, депрессияға, яғни жан дертіне ұшырауын бастарынан кешіп жүргендерін жиі кездестіреміз.
Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Ал бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне қарсы күрес, өз несібеңді айырып жесең, соның өзі бақыт. Бірақ соқтықпалы-соқпалы өмірдің қиындығына кез келген адам шыдай ала ма? Шыдауы керек деп жұбату сөзді айту жеңіл болғанымен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен гөрі бақилық дүниені дұрыс көріп, сол жаққа мезгілсіз аттанып жатады. Оларды кінәлау орынсыз да шығар. Адам басына қайғы төнген кезде жақындарының, достарының дер кезіндегі қолдауы өте қажет және ауыр ойлардан арылтып, өмір сүруге ынталандыратын бір жұмыстың болуы маңызды.
Депрессияға және стреске ұшырағандардың психологиялық күйзелісі  психологиялық індетке ұшыратуда. Суицид – адамның өз-өзіне қолданылатын аяусыз жаза. Адам тағдырына жауапкершілікті тек психологтар мен дәрігерлерге ғана жүктеп қоймай, жұмыла мойнымызға алуымыз керек. Жер бетінде өмір сүру үшін батырлық көбірек керек.
Ата-ана перзентін дүниенің азабы мен машақатынан қаншалық сақтаса, ақырет отынан да сақтауы шарт. Тәрбие жолында көркем мінезді, адамгершілік құндылықтарды және жақсы мен жаманды ажырата білуді үйрету, бұзық құрбы-құрдастардан қорғау, жеңіл өмірге әдеттендірмеу сияқты, т.б. Бірақ, бүгінде баласының тәлім-тәрбиесімен шұғылданатын ата-ана аз шығар. Басым бөлігіміз «мансаптық өсу» (карьерный рост) деп отбасын ұмытып, шапқылап жүрсек, енді басқаларымыз «отбасын асырау қажет» деп бала тәрбиесін мектепке, одан қалса үйде компьютерге қалдырамыз. Өсіп қалған ұл-қыздарымыз өз проблемаларымен өздері қалып қояды. Егер адам осылай материалдық (дүние, ақша, мансап сияқты т.б.) жағдайларды бірінші орынға қойып, ал рухани жан дүниені естен шығарып, бос қалдырса, онда ол бостықты азғындық, арсыздық, жаман ойлар толтырады. Адам осы екі жақты да (дүние мен ақыретті) бірге алып жүруге тырысуы керек. Мүмкін сонда барып, отбасына, бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлетін шығармыз.
Дәмегүл ТӨЛЕГЕНОВА,
Арал ауданаралық КДП емхана психологы
24 тамыз 2021 ж. 870 0