«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдау аяқталды
Өтінімдер тек отбасылардың өздерінен ғана емес, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, еңбек ұжымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ҮЕҰ және басқа да заңды тұлғалар тарапынан ұсынылды.
Бұл ретте, «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінде - 2 542, оның ішінде отбасылардан – 1 407, заңды тұлғалардан – 1 135 өтінім тіркелді.
Өтінімдердің ең көп саны – Алматы (310), Жамбыл (247) облыстары мен Алматы (193) қаласында.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы қыркүйек айында Отбасы күні (қыркүйектің екінші жексенбісі) қарсаңында Қазақстанның барлық өңірлерінен үздік шыққан отбасыларға беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық конкурс 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына 20 мыңға жуық отбасы қатысты.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі