Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Алаш ардақтысына арнау

Алаш ардақтысына арнау

Ана тілім,Атажұртымның қазығы!
Түпкі Түркінің азығы.
Орхонның жазба таңбасы,
Қорқыттың қобыз наз үні.

Шешенде ойдың ұтымы,
Әзілде сөздің қытығы.
"Өгіз сау,арба сынбаған"
Өзгермес Бидің бітімі.

Сөйлеткен дала Абызын,
Қара орманымның сан ізін.
Сен,ертегі болып сөйлесең
Тірілткен Баба аңызын...

Рухы ең өрдің сынбаған,
Үш жүзің түгел тыңдаған.
Сен,қариядан қалған хат едің,
"Бес ғасыр түгел жырлаған"

Ақаңдай сөзде бұла едің,
Тарихқа мәлім құла едің.
Құнанбай қажы ұрпағы,
Абайдан қалған мұра едің.

"Келімсек" сөзге жат едің,
Ханға да айтылар дат едің.
Дүрлерден қалған жыр едің,
Абыздан қалған бата едің.

Бірде зор,бірде жәй түсіп
Рухына ісі сай түсіп.
Аузындағы елдің мұңы едің,
Ақындар айтқан айтысып.

Тауып сөз сөйлер,оқтаулы оқ,
Тентегіне айтар тоқтау боп.
Арысы өлген арудың,
Тілінен шықтың жоқтау боп.

Тіліме,Тәңірім,бақ қонғай!
Шер қалар, қойсам ақтармай.
Құстар да сайрап, анамша
Күбірлеп аспан жатқандай.

Алтынбек Сейілханұлы
06 қыркүйек 2022 ж. 876 0