Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шөмішкөлде жаңа мешіт бой көтерді

Шөмішкөлде жаңа мешіт бой көтерді

 tolqyn.kz Шөмішкөл ауылында Орал ахун Мешітінің  құрылысы аяқталды. Осыған орай 10 қарашада, алыс-жақындағы  шөмішкөлдіктердің басқосуы болып, тұрғызылған  ғимаратпен таныстырылып, атажұрттағы  Алланың  үйіне алғаш қадамдарын жасап, ризалықпен дұға-тілектерін айтып, Орал ахун Әулие рухына құран бағышталды.
Кездесуге қатысушылар  келер 2023 жылдың мамыр айында (нақты күндері қосымша айтылады)Орал ахун Әулиенің туғанына 200 жыл толуына орай мерейтой өткізіп   Мешіт ғимаратының ашылу  салтанатын жасаймыз деп жоспарлады.
Басқосуда мерекелік іс-шаралардың жобасын анықталды. Қазіргі күні дайындық жұмыстарын жүргізуге. Әулие мерейтойын абыроймен атқару бағытында алыс-жақын ауыл-аймақтардың  белсенді азаматтарынан арнайы Комиссия  құрылып, оған басшылық жасау Мұхтар Анапияев және Сапарғали Нетілдаев жүктелген. 
Басқосуға қатынасқан ағайындар айтылған іс-шараларды атқаруға керекті, шамамен 10 млн ға жуық қаржыны жинауға барлық Ардана баба ұрпақтары ат салысуда. Әсіресе,  кәсіпкер ұйытқы болуда. Атап өту керек мерейтой шарасына жаратуға, алғаш болып ауылдағы кәсіпкер Ербол Сахиұлы 300 мың теңге табыстады. Кездесуде, өткен оразаның бітір садақадан түскен 1,5 млн тенгенің Мешіт қажетіне жұмсалып  отырғанын айтылып, бұйыртса, алдағы 2023 жылғы Ардана баба ұрпақтарының бітір садақасын Орал ахун Әулиенің мерейтой іс-шараны атқаруға бағыттасақ деген ұсыныс айтылып, бірауыздан мақұлданды.
Басқосу-кеңеске жиналғандарға 15 үйден садақа ас таратылып, құран оқылды.
Сонымен қатар, жиында, бұрын ашамыз деп уәде еткен Орал ахун қоғамдық қайырымдылық Қорының тіркеуден өтіп, ашылғаны жарияланды Қордың басшылығына   шөмішкөлдік Мұхтар Жетекұлы Анапияев  бірауыздан сайланды.
Басқосуға келген  ауыл тұрғындарымен ризалықпен қоштасып, тарасты.
24 қараша 2022 ж. 913 0