Алла құлдарына әділетті

Күндердің күнінде қарыз сұраушы кісіден хабар болмай кетеді. Тақуа кісі оған алаңдап хабарын білу үшін адамдар жібереді. Аман екенінен хабар алғаннан кейін көңілі жайланып, өз тіршілігін жалғастыра береді.
Арада бірнеше жыл өткеннен кейін оның баласы ауырып, емі үшін қомақты қаржы қажет болады. Осы уақытта көрші елден бұны арнайы іздеп келген екі жігіт баласының еміне қажет болған мөлшерде ақшаны ұсынып «Бұл сенің алажағың. Осыдан бірер апта бұрын әкеміз қайтыс болды. Сізге қарыз екенін айтып, осыны табыстауымызды өсиет етті. Ұзақ уақытқа кешіктіргенім үшін кешірсін, қарызды қайтармауыма үлкен себептер болды деп қысқа қайырды» дейді екі жігіт.
Осылайша, Алланың әділдігіне шек келтірмеген тақуа кісі өзі мұқтаж шағында байлыққа қол жеткізді.
Көпшілігімізге тағдырды қабылдап, сабарлық таныту, Алланың шексіз құдірет Иесі әрі Әділ екеніне сену жетіспей жатады. Әдетте, Алланың 99 көркем есімін жаттауға талпынып жатамыз. Алайда, сол қасиетті есімдерді білгеннен кейін амал етуді естен шығарып қоямыз. Алланың «Әділ» деген сипатын танып, оны бойымызға сіңіргенімізде біз «қиындық» деп ауырсынып жүрген сынақтардан жеңіл өтуімізге себеп болар еді.
Ол (Алла) істеген ісінің ақырынан, әлбетте, қорықпайды. (Өйткені Оның істерінде зәредей де әділетсіздік болмайды, әрі Ол бірде-бір ісі үшін жауапқа тартылмайды). («Шәмс», 15)
Алла – үкім етушілердің ең әділі, ең абзалы емес пе? («Тин», 8)
muslim.kz