Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әкенің қоғамдағы рөлі қандай?

Әкенің қоғамдағы рөлі қандай?

Сынақты қабылдап, қиындықтың бетін қайтармай, алға қарай ұмтылатын адамдар бар. Әрбір бала үшін ата-анасының бірге болғаны, толыққанды отбасында өмір сүргені маңызды. Өзін қоғамға керекті адам сезіну үшін, өзіне деген сенім мықты болып, аяғына нық тұру үшін әрине, ата-ананың үлесі зор. Тағдырдың жазуымен ата-анасының бірінен көз жазып қалған балалардың психологиясы толыққанды жанұяда тәрбие алған балаларға қарағанда өзгешелеу болатыны да жасырын емес. «Әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» дегендей, балаға ананың құшағы мен жылулығы қаншалықты қажет болса, әкенің де адамның тұлға болып қалыптасуы үшін қосатын орны бөлек екен. Әке өмірден өтсе қамалың құлап, жігерің талқан болғандай күй кешеді екенсің. Оны өз басымнан өткен соң айтып отырмын.
Ал ата-анасы ажырасқан балаларда аласұрып, санасында толған сұрақтардың жауабын білуге деген ұмтылыс та есейген сайын шиеленісе беретіні оның болашағына кері әсерін міндетті түрде тигізеді. Егер ерлі-зайыпты ажырасып кеткеннен кейін бала әкесін көрмесе, әке баласын іздемесе, жүрекке түскен салмақ адамды жаншып тастағаны сонша, ол баланың кеудесінде өшпенділік, жеккөрушілік сезімнің оянуы ғана емес, айналасындағы басқа адамдарға да сенімсіздікпен қарауы көрініс табады.
Баласын жалғыз өсіріп жатқан анаөзі бақытты болса, баласы да бақытты болып өседі деп ойлаймын. Менің түсінігімде солай. Әрине, әкесізқалғанына баланың еш кінәсі жоқ және әрбір үлкен адам баласының толық отбасындаөскенін қалайды. Үлкен адам ретінде өзін отбасы тірегі санай білген анасы әкенің орнын толтырғысыкеледі.
Әкесіз қалған ер балалардың тәрбиесіне тоқталатын болсақ, туысқандарарасында ержігіттер істейтін жұмыстарға араластырып, қызықтырып, бос уақытында жақсыжаттықтырушысы бар секцияларға беру керек. Өйткені бала әкесінен алатын ер адамның қасиеттерін басқа тұлғалардан көріп өседі. Баланың әкесінің орнын басатын адамға тәрбиелету міндетті емес, сондай-ақ анасы ұлына«жігіт» ретінде қарау керек. Ер баланың өзі істейтінжұмыстарынаараласпау, дұрыс жасамаған іс-әрекеттері үшін сөкпеу, еркіндік беру – баланың өмірлік тәжірибесін шыңдай түседі. Он-жиырма реттен кейін ер бала өз ісін жақсыжасайтын болады, қасында анасы тек қолдап жүрсе жеткілікті. Сондай сәттерді ер балаға да, қыз балаға да өмірлік тәжірибе арқылы көрсеткен абзал.
Ана өзінің өмірінде не істеп жүргенін білмей, адасып жүргенде, әрине, жақсы тәрбие беру оңай болмайды. Дегенмен, өмірдің барлығы тәжірибе. Онсыз біз дамымаймыз. Әр ата-ана балаға не қажет, соның барлығын беруге тырысады. Бірақ сол беретін нәрсені құнсыздырмау қажет. Әйгілі психолог М.Эриксонның:«Өміріңде болған қиындықтардәл қазір маңызды емес, сол қиындықтар кейін қалай әсер ететіні маңызды», – деген сөзі бар.Мен тәжірибемде анасызнемесе әкесіз өскен адамдарды білемін. Өте риза болатын жайт – олардыңкөбінен әкесі мен анасыныңсүйсініп өсірген махаббатын сезесің, өздерінедеген сенімін көресің.Бала тәрбиесін дұрысжолға қойған еврей сияқтыхалықтардың тәжірибесінүйренудіңде еш сөкеттігі жоқ.
Бұдан алар сабағымыз, біз де ата-ана ретінде баламыздың бізге айтпақ болған нәрселерін құлақ салып тыңдап, оның да пікірін сұрап, сосын бірге ақылдасып шешкенде, баланың бойында ата-анасына деген құрметтің арта түсері анық.
А. ҚАРАСАЙ
13 маусым 2023 ж. 429 0