Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өмір өткелдері

Өмір өткелдері

Әкесін күткен бала
Өмір көші бұралаңы мен бұлтарысы қилы-қилы өткел тәрізді. Сол өткелден пенде біткен тәуекелге бел буып, үлкен өмірге бет алады. Қызығы мен қиындығы қос қолдың саласындай қатар өрілген осы жолда тас бауыр тағдырмен де, рахат, азаппен де бетпе-бет ұшырасатын еді.
Осыдан тоқсан жылға таяу бұрын соңғы нүктесі қойылған қанды соғыстың қайғы-қасіретін аға ұрпақ өкілдері әлі ұмыта қойған жоқ. Ұмыта алмайды да. Себебі, қарғыс атқыр сол соғыста бірі әкеден, екіншісі сүйген жарынан, үшіншісі баласынан ажырап, өмір бойы қайғы мен қасірет шеккен болатын.
Біздің кейіпкеріміз–үстіміздегі жылы сексен жасқа толатын Аманкелді Әбдібаев ағамыз сол соғыс жылдары жарық дүниеге келген ұрпақ. Нақтырақ айтқанда, 1943 жылы туған.Әкесі Әбдібай сұм соғысқа аттанғанда анасы Тәжігүлдің құрсағында қалған болатын.
Бала да гүл сияқты. Өседі. Өркендейді. Бірақ жетімдіктің қамытына тумай жатып жегілген сәбиді туыс ағасы, кешегі майдангер, жеңістен соңғы сол кездегі балық колхоздарының бірінің басқарма төрағасы болған Өміржан Ендібаев өз бауырына алады да, қамқор құшағын жаяды. Жар төсегін аңсаған жап-жас анасына рұқсат беріп тұрып: «Аманкелдіні жетімсіретпеймін. Бағып-қағамын. Өскен соң өз қолыңа аман-сау табыс етемін. Ал сеніңбасың жас. Теңіңді тауып ал» деген екен.
Есін жимаған бала болса сөйтіп ағаларыӨміржан, Әбжандардың, әжесі Жарқынбикенің, Қаншай,Алтыншаш жеңгелерінің қамқор құшағында өседі. Әкесі Әбдібай мен оның інісі Әбіл де сонан хабар-ошарсыз кетеді.
Ел біртіндеп есін жинап, етегін буып,ертеңгі күнге үмітін ұштастыра бастады. Майдан даласынан жаралысы бар, сауы бар еркек кіндіктілертылда тер төккен, балық аулаған, шөп шапқан нәзік жандылар мен қарттардың орнын басады. Айтушылар Аманкелдінің атасы Жұбанияз асқан дәулескер домбырашы болған деседі. Аманкелді ағамыздың айтуынша домбырамен кәнігі күйшілердей ортекеойнатып, башпайларыменде күйді нақышынакелтіріп шебер орындайтын кісі болған екен. Ұста дүкенін ұстаған ұсынақты шеберадам болыпты. Бұл кісіден жаңа айтқанымыздай, Әбдібай, Әбіл атты ұлдары соғысқа аттанып оралмаған. Жалғыз қызы Зібайда Қазалы жаққа тұрмысқа шыққан.
Өзі тәрбиесінде болған Өміржан ағасы 1959 жылы ақтық сапарға аттанғанда оналты жасар Аманкелді жетімдікті шын сезінгендей болған еді. Бірақ судай сүзісіп, уыздай ұйысып отырғанәже-жеңгелері, Қарашалаң ауылындағы барша туыстары қанаты жаңақатайып келе жатқан,бозбалалық жасқа жеткен Аманкелдіні жетімсіретпеген көрінеді.
Ақтық сапарға аттанар алдында ағасы Өміржан Аманкелдіні жанына шақырып алып, оның басындағы бар жағдайды баян етеді. Соңында «Аралда туған анаң бар. Аты – Тәжігүл. Екінші рет тұрмысқа шыққан. Сонымен бірге тұрып жатыр. Аралда кездесіп қалсам сені сұрайды. Мен сені ержетіп келе жатыр. Өскен соң өз қолыңа табыс етемін» деген едім. Менің жағдайым мынау»... деп жүрек сырын жайып салады.
«Жетім қозы тас бауыр, жайылар да отығар». Ол болса өзі ес білмейтін шағында басқа біреудің етегінен ұстап, жатқа тұрмысқа шығып кеткен туған анасынан гөрі осы үйдегі Жарқынбике әжесі, Әбжан ағасы, Қаншай, Алтыншаш жеңгелерін артық көреді. Олар ағамызға әке орнына әке, анаорнына ана болған еді.
Өткен ғасырдыңелуінші, алпысыншы, жетпісінші,сексенінші жылдары Аманкелді туып-өскен Қарашалаң елді мекенінде майдангерлер бір шоғыр адам болатын. Омырауларында жауынгерлікорден-медальдары жарқыраған оларды көргенде бозбаланың көңілінде өзі көрмеген әкеге деген сартапсағыныш оты қоздап жанады.Түр-түсін танымаса да, «балам» деген бір ауыз жылы сөзін құлағы шалмаса да сол жанды сағынатын, аңсайтын болған еді.Тіпті, кешегі жылдарға дейін әкесі келе жатқандай алыстан бір жылы хабар тосатын. Ауылдан Аралға апаратын қара жолдан көзін алмай қаншамажылдар өтті десеңші. Ол–баланың әкеге деген перзенттік сағынышы болатын. Әсіресе, майдангер ақын Сырбай Мәуленовтің сөзіне жазылған «Соғыстанқайтқан солдаттар» атты әйгілі әнінің«Әкесін оның көрдің бе, соғыстан қайтқан солдаттар» деген жолдары әлі күнге жүрек түкпірінде ұялаған әкеге деген сағынышты оятатынын қайтерсің.
Өсу, өркендеу жылдары
...Арада жылдар өтті. Бір кездері Бөген, Шөмішкөл балық колхоздарында басқарма төрағаларының орынбасары қызметін атқарған ағасыӨміржан Ендібаев 1955 жылдары «Қызыл балықшы» колхозының басқарма төрағасы болғанда отбасымен желкенді қайықпен көшіп-қонып жүретін. Отбасы құрамындағы кішкентай Аманкелдінің де сондықтан талай жердегі мектептің табалдырығын тоздыруынатура келген еді. Сөйтіп білімін №20Бөген орта мектебінде жалғастырған ағамыз осындағы интернатта жатып оқиды.
«Таумен тау кездеспейді, адаммен адам кездеседі» дегенсөз бір күндері расқа айналады. 1961 жылы орта мектепті ойдағыдай тәмамдаған Аманкелдінің аудан орталығына жолы түседі.О кездері қала шағын. Кімнің кім екені бір-біріне белгілі. Бұл жатқан үйдің адамдары хабарлаған болуы керек. Бір күні бейтаныс бір әйел оның ізінен қалмай біраз жүреді. Мұны құшақтағысы, бірдеңе бергісі келгендей болады.
«Сөйтсем бұл кісі менің туған анам Тәжігүл екен. Мен бірден сырт айналдым. Өйткені әке дидарын көрмеген, туған ананың бұған дейін «айналайын» деген жылы сөзін естімегенмаған бұл оңайға соққан жоқ еді» дейді ол.
Мектеп бітірер жылы Аманкелдінің сыныптастары құрылыс ісін өркендетужайында аудандағы барша мектеп бітірушілерге комсомолдық үндеу жолдайды.Ол аудандық «Социалистік Арал» (қазіргі «Толқын») газетінде жарық көреді. Соның екпінімен сол кездері жиырма төрт жастағы, кейін мемлекет, қоғам қайраткері атанған Ұзақбай Қараманов басқарған құрылыс мекемесінде біраз қыз-жігіттермен бірге алғашқы еңбек жолын бастайды.
Қыс айларында Бөгендегі портта тұрған кемелердің жан-жағындағы қалың мұзды ою жұмысына жегіледі. 1962-1963 жылдары Қызылқайыр, Көнебөгенелді мекендерінде дүкенші қызметін атқарады.Бұрын шот қаға білмейтін, алған, берген затының ақшасын ауызша есептеп шығарып әуреге түсетін жас дүкенші шот қағуды бір-екі аптада үйреніп алады.
Сол жылы кеңес әскері қатарына шақырылған Аманкелді Челябинск қаласында Отан алдындағы борышынатқарады. Әскерден оралған соң Өміржан ағасының Бөгенде көршісі, әрі сырлас інісі болған аудандық партия комитетінің қызметкеріАлданазар Баймағамбетовтің көмегімен «Торгмортранс» сауда мекемесіне тауар танушы болыпжұмысқа орналасады.
Адам баласына әуелі ықылас, сонан соң ынта керек екеніне зерек жігіттің жұмыс барысында көзі әбден жетеді. Ынтаң мен ықыласың болса, ылдидағы тасың өрге домалайды. Мұны қазақ баяғыда-ақ «Талапты ерге нұр жауар» деп қысқа қайырған көрінеді.
1967 жылы аудандық байланыс торабынан бастап, 2007 жылы құрметті зейнет демалысына шыққанша жол салу және пайдалану,№13 ЖМК мекемелерінде, аудандық статистика, білім бөлімдеріндеоператор, есепші бас есепші, басшы қызметтерін абыроймен атқарады. Бірнеше мекемеде қоғамдық жұмысқа атсалысып, бастауыш партия ұйымының хатшысы ретінде аудан басшылары арасында есімі құрметпен аталады. Арнаулы және жоғары білімді. Шымкент сауда техникумын саудадағы есепші, Алматы халық шаруашылығы институтын экономист-есепші мамандығы бойынша тәмамдаған азамат.
Адам жасаған жасымен қадірлі, елге сіңірген еңбегімен елеулі. Осынау елу жылдан астам уақытеңбек еткен адамның артында ізгілікті істері, өнегелі өмір жолдары жатқанын ұрпақтары мақтан етеді.
Бүгіндері сексен жастың сеңгірін бағындырған, ата жасына аман-сау жеткен ағамыздың әрбір еңбекжолын есепшотқа салсаң саналуан қызықтар мен қиындықтарға кезігерің сөзсіз. Ол сол қызыққаалданбай, қиындықты жеңіп шыққан асыл адам. Әйтпесе,өзін аудандық білім бөлімінің тоқсаныншы жылдарғы тоқырау тұсындағы кезеңде бөлім басшысы жұмысқа шақырғанда әрең келісімін бергені әлі есінде. Себебі, бөлімнің есеп-қисабы бетімен кеткенінкелгенде бір-ақ білген еді. Осыдан соң бөлім басшысының келісімін алып, есеп-қисап жұмысын жүйелеп, кеткен қателіктерді біртіндеп жолға салғанын оқта-текте ойлайтын шығар.
Иә, оның өзі қыруар еңбектің, моншақтап төгілген маңдай тердің жемісі болатын. Ол таңнан таңға айтылатын ұзақ әңгіме.
Екі жарты, бір бүтін
Қазақтың «Жалғыздың жары құдай» деген сөзі текке айтылмаған ғой.
Үстіміздегі жылы Маруся Әтиатулла қызымен отау құрғандарына елу бесжыл болған Аманкелді ағамыз кіндіктен жалғыз болса, жеңгеміз де бір әулеттің бетіне қарап отырған айы мен күні екен. Атадан жалғыз.
Ата жұрттары ауданымыздың Ақбасты елді мекенінен.Сонау 1932 жылдарғы замана ағымымен Қарақалпақ асқан ата-анасы ағайын-туыстарымен бірге сондағы Мойнақ ауданы, Үшсай портына кеп атбасын тірейді. Сол жерде табаны күректей отыз жылданастам өмір кешеді. Ұрпақ өсіреді. Маруся жеңгеміз сол топырақта дүниеге келген ұрпақ.
Кейін 1966 жылы ата жұрты Арал қаласына жалғыз анасы Қанипаменбірге қоныс аударған жеңгеміз көп ұзамай денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінде мамандығына сәйкес есепші болып қызмет атқарады Міне, осы тұста тұз-дәмі жарасқан екі жас –екі жарты бір бүтін болып шаңырақ көтерген көрінеді. Сөйтіп, жалғыз ағаш көктеп, көбейіп, үлкен әулетке айналыпты.
Үлкен әулет
Әулет басы, сонау сұрапыл соғыстахабар-ошарсыз кеткен жауынгердің жалғыз ұлы біртіндеп ел қатарына қосылады. Үйлі-жайлы болған соң, жеңгеміздің жалғыз анасын қолдарына алып күтіп-баптап, ақтық сапарға да өз қолдарымен аттандырып салады.
Осы жерде ел ішінде ақ жаулықтылар арасында айтылатын, «бала баққандікі ме, тапқандікі ме» деген мәтелін ойға алуға тура келеді. Аманкелді туған анасының екі қызына да қамқор қолын созып, жат босағадан ақтық сапарға шыққан анасы Тәжігүлге де перзенттік бар құрметін жасап, өз қолынан мәңгілік мекенжайына аттандырады. Туған ауылындағы Жұбанияз атасының, Үміт пен Нәзира әжелерінің, әкесі Әбдібай мен оның інісі Әбілдің рухтарына Құран бағышталып, ас берілді. Соғыста шейіт болған әкесі мен ағасынаескерткіш белгі орнатты. Жоғарыда айтқанымыздай, өзін қатарынан кем қылмай өсіріп, азамат қатарына қосқан Қаншай, Алтыншаш жеңгелерін, Зейнолла Байниязов, Шора мен Құлжан Жұмахметов, Сейдулла Ерекенов сияқты қамқор ағаларын да ақтық сапарға шығарып салып, қолынан келген қызметін көрсеткен үлкен жүректі азамат ол.
Ағамыз бен жеңгемізден өрбіген жеті ұл-қыз бұл кұндері үбірлі-шүбірлі. Жеті ауыл іспеттес. Тұңғыштары Айымкүл – облыстық КРЭК мекемесінің бас есепшісі, одан кейін Нұргүлі – №13 орта мектепте лаборант, Жанары – Ақтау қаласында балабақша меңгерушісі, кенжетайы Шынар да осы қаладағы оқу комбинатының әдіскері, Мұраты – №220 орта мектепте ұстаз, кенжетайлары Бақытжан –№62 орта мектепте менеджер. Бәрі үйлі-баранды. Ағамызбен жеңгеміз олардан 16 немере, 5 шөбере сүйіп отырған бақытты ата-әже.
Адал еңбек қашанда абыройға бөлейді. Аудандық, облыстық басшылықтан, министрліктерден, білім басқармасы менбөлімдерден алған Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары Аманкелді ағамыздың қоғамға сіңірген ерен еңбектерінің айғағы іспеттес.
Т. НҰРЖАН-БАЛТА 
01 тамыз 2023 ж. 507 0