Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ырымның сырын біліп ал

Ырымның сырын біліп ал

Көнекөздер «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деп жататын. Бірақ, қандай ырым, неүшін жасалған ырым қырын кететініне назар сала бермейді. Негізінде ырым Алла әміріне, хақдіннің қағидаттарына жақындау үшін, қандайда бір құлшылықты орындау үшін жасалған. Мәселен, Құранды жоғары қою, нанның қиқымын жеу, құбылаға қарай аяқ созбау секілді ырымдарға керағар әрекет етсеңіз шынында Алланың қаһары болады. Бұндай ырымдар мен тыйымдар ешқашан қырын кетпейді. Ал, қырын кететіндері қандай ырымдар? Ол өз мәнісін жоғалтқан, мақсатынан өзгерген,түбі мен түбірі ұмыт қалған, өзге әрекеттер кезінде еш негізсіз пайда болған ырымдар. Мәселен, бесіктегі баланың жастығы астына пышақ қою, нан қою сынды ырымдарды айтсақ болады.
Жалпы ырым жасау асыл дінімізде анық көрсетіледі. Айталық, Пайғамбарымыздың с.ғ.с. Соғыс деген адамның есімін Бейбіт деп өзгертуінің өзі осының айғағы. Мәдинеге сапарлап келе жатып жолайырыққа келгенде, «Бақыт» деп аталып кеткен жолға түсеміз дегені де бұған дәлел. Сондай-ақ Мағаз Ибн Жәбәл (Алла оған разы болсын): «Аллаһелшісі с.ғ.с: «Бастарыңа бәле келмейінше, бәлені шақырмаңдар, өйткені егер осылай етпесеңдер (яғни бәлені шақырсаңдар), әр уақытта мұсылмандар арасында оларға бақытсыздық келгенде тура жолға бағыттайтын және (тура жолға түсуіне) көмек көрсететіндер болады, ал егер бәле шақырсаңдар, сендердің жолдарың әртүрлі болады да, әр түрлі жолмен кетесіңдер» деген болатын.
Сұрақ қоя беретін сахабаларға ескерткен бұл сөзікүллі мұсылман үшін теңдессіз хадис деп есептелген. Міне, Пайғамбарымыз с.ғ.с. осы өсиетінде текжақсылыққа ұмтылу, жақсы ойлау, жақсы сөйлеужәне жақсылық үшін әрекет ету керектігі айтылған. Ырымның да негізгі мақсаты осы. Олай болса жақсылыққа қарай жақындап, жамандықтан тыйып отыратын ырымдардан неге шошуымыз керек. Тек жөнсіз, жосықсыз, мәні өзгерген, ойдан шығарылған және Аллаға серік қосуға меңзейтін ырымдардан сақ болуымыз керек. Сонымен қатар «күлді баспа», «түнде далаға жалаңбас шықпа», «дәрет сындырарда жерге белгі бер» деген секілді тыйымдарды жоққа шығармаған ләзім. Себебі, тылсым күш, екінші әлем бар екенін дініміз де, ғылым да дәлелдеп отыр. Ал, көптеген ырымдар мен тыйымдар осының айналасында қалыптасқан.
Айталық, Мәшһүр Жүсіп көзге көрініп тұрған ғалам біреу ғана болса, көрінбейтіні үшеу екенін осыдан100-120 жыл бұрын айтқан. Мұны ең жетілді дегенфотоаппараттың, т.с.с. ғылым жетістігінің көмегіменғалымдар енді ғана анықтауда. Яғни, көзге көрініптұрғаннан басқа көзге көрінбейтін құбылыс барынаенді-енді ғана көз жеткізе бастады. Ал, сол замандасыр ашқан Мәшһүр:Алла тәбәрік отғылы: «Ие ғалам лығыпуалшаһадат» дейді. Оның мағынасы: «Көрініптұрған да, көрінбей тұрған да ғалам бар». Көрініп тұрған ғаламды: «Ғалам лашаһадат, ғалам лызор, ғалам лыхақ» дейді. Көрінбей тұрған ғаламды:«Ғалам лығиып, ғалам лимығына, ғалам ламир»дейді. Олай болғанда, көрініп тұрғанды: төрт аяқтыхайуан, ұшқан құс, жүгірген аң, бәрі де біледі.«Көрінбей тұрған ғалам» мағынада - ғалам ламирде не бар, одан адамға келетұғын қандай пайдаларбар? Соны білуге тырысу керек.
Бұрынғы ата-бабаларымыз мұның бәрін білді. Бірақ артына нұсқа қалдыруға хат жазуды жаппай білмеген себепті ауызша ғана айтып кетті. Иісі қазақдеген жұрттың көрініп тұрғаннан басқамен жұмысы болмағаннан: «Қазақтың жаны – азапта, наданның жаны – тозақта!», - деп зарлап кетті. «Көзі соқыр – соқыр емес, кеудесі соқыр – соқыр», - деп қақсады, - дейді ғалым (Мәшһүр Жүсіп кітабынан). Көрінбейтін ғаламға қатысты емес, алайда сондай деңгейде сенімге айналған ырымдар бар. Мысалы, тырнақты түнде алуға болмайды деген. Себебі, ол кезде ұшып түскен тырнақты тауып алатын қазіргідей электр жарығы, арнайы жуынатын бөлме болмаған.
Барлығы бір киіз үйдің ішінде отырады. Сондықтан ұшқан тырнақ қазанға не асқа түсіп кетуі мүмкін. Осыдан сақтану үшін жасалған тыйым еді. Ол кейін «Түнде тырнақ алсаң ол дүниеде ізіңнен қуады» деген жалған ырымға ұласып кетті. Ал, дінімізден бастау алатын қолды үш рет шаю, ит тиген ыдысты жеті рет құммен, бір рет күлмен шаю, табанды тартпау, бүйірді таянбау, ухілемеу секілді жақсылығы бар әдеттерді орындауымыз керек. Осы секілді ырым-тыйымдар жетерлік. Демек ырым мен тыйымды орындауымыз керек, бірақ сол амалдан жәрдем тілеу үшін емес. Жәрдем беруші Алла. Ал, сыры әлі ашылмаған, діни негізі жоқ, бірақ саналы түрде мойындалатын ырымдар бар. Мәселен, ұлдың атын ұйқас қой, қыздың атын қиғаш қой деп ырымдау, баласы тұрмай жүрген жұбайлардың баласын Тұрсын, Тұрғанбек деп қою немесе баланы жеті кемпірдің астынан өткізу секілді беймәлім, бірақ мойындауға тұрарлық амалдар бар. Бұлардың да сыры алдағы уақытта ашылар деп үміттенеміз.

Арал ауданының қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы бойынша әзірленді
22 тамыз 2023 ж. 512 0