Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Бақытсыз Жан» романы оқырманға жол тартты

«Бақытсыз Жан» романы оқырманға жол тартты

Қармақшылық Нұрасыл Жасұланұлының «Бақытсыз Жан» деп аталатын романы жарыққа шықты. Роман 100 парақты, 16 мың сөзді қамтыды.

«Қараңғыда қанша от көрсең, қазақ даласында сонша отбасы бар. Отбасының ішінде болып жатқан құбылыстардың барлығынан бейхабар емеспіз. «Бақытсыз Жан» романы әр отбасының шаңырағындағы оқиғаларды суреттейді. Біз отбасыларды жекелей емес, дастархандарының басында болып жатқан оқиғаларын өздеріне мысал ретінде келтіріп тәрбиелей аламыз. Романда ата-анаға деген құрмет, адалдық, тәрбие, өнеге, махаббат және т.б. сынды тұжырымдар айтылған» – деді кітап авторы.

Кітаптың алғашқы тираждары кітап шыққан күні таратылып кеткен. Одан бөлек, 24 сағаттың ішінде 200-ден астам адам кітаптың электронды нұсқасын оқып, 50-ден астам адам сатып алу үшін байланысқа шыққан.

– Ағайындар. Кітап сатылмайды. Білім тегін. Жаратқанымның жүректен шығарған сөздері сіздерге сый, – деп жазба қалдырды Нұрасыл Бекматов.

Кітаптың электронды нұсқасы автордың «Жақаң жолымен…» (https://t.me/zhahan_zholymen) телеграмм арнасына жүктелген.

syrboyi.kz
30 қазан 2023 ж. 1 130 0