Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жаңа кітап жарық көрді

Жаңа кітап жарық көрді

Жақында «Тұмар» баспасынан «Қаратереңнің Кешубайы» деген атпен деректі жаңа кітап жарық көрді. Онда ширек ғасырдан астам уақыт бойы ауданымыздағы №82 Қаратерең орта мектебін басқарған ұлағатты ұстаз Кешубай Махановтың өмір және ұстаздық еңбек жолдары, адами қасиет-келбеті кеңінен баяндалған. Кітаптағы төрт бөлімге бөлінген «Берекелі шаңырақ», «Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан»,«Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет», «Білікті басшының білім ұясындағы орны», «Көш бастаған Кешубай»сияқты тақырыптар бір-бірімен үндес, өзектес болып өрілгенін бірден байқауға болады. «Суреттер сыр шертеді» бөлімі кітап кейіпкеріне байланысты түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған, тілі жеңіл, тартымды.
Кітаптың авторы және құрастырушысы – Толыбай Абылаев.

«Толқын» ақпарат
26 желтоқсан 2022 ж. 955 0