«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді

Байқауға қатысушы оқушылар 5 бағыт бойынша шығармашылық қабілеттерін танытты.
1-бағыт: «Ілияс – эпик ақын». Ақынның «Құлагер» поэмасын жатқа айту, кезекпен жалғастыру;
2-бағыт: «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап». Жас ақындар байқау кезінде ұсынылған тақырыптарын бірін таңдап, 90 минут ішінде 4 шумақтан кем емес өлең жазады;
3-бағыт: «Ілияс – қарасөз шебері». І.Жансүгіровтің прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқу;
4-бағыт: «Сұлу сөздің сүлейі». І.Жансүгіров өлеңдерінің біреуін таңдап алып, композициялық құрылысын, көркемдегіш құралдарын тауып, талдау;
5-бағыт: «Заманның заңғар тұлғасы». Ақын шығармасының біріне арналған буктрейлер жасау.
Байқаудың қорытындысы бойынша әр бағыттан І орын алған қатысушылар: №20 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Шөмен Мақсат, №76 негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Жеткерген Әсет, №59 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нұралиева Айғаным, №231 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сейтова Гүлсара осы сайыстың облыстық кезеңіне қатысады.
Жеңімпаз оқушыларымызға СӘТТІЛІК пен ЖЕҢІС тілейміз!

