Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ж.ӘБДІРӘШЕВКЕ 75 ЖЫЛ:СҰЛУ СӨЗДІҢ ШЕБЕРІ - ӘБДІРӘШТЫҢ ЖАРАСҚАНЫ

Ж.ӘБДІРӘШЕВКЕ 75 ЖЫЛ:СҰЛУ СӨЗДІҢ ШЕБЕРІ - ӘБДІРӘШТЫҢ ЖАРАСҚАНЫ

Арал ауданы бойынша білім бөлімінің аудандық іс-шара жоспарына сәйкес, ақын, сыншы, аудармашы, сықақшы, М.Жұмабаев атындағы әдеби сыйлықтың иегері Жарасқан Әбдірашевтің 75 жылдық мерейтойына арналған «Сұлу сөздің шебері – Әбдіраштың Жарасқаны» тақырыбындағы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінде аудандық әдеби-сазды кеш  өткізілді.

Кешті мектеп-лицей директоры Ж.Айтжанов ашып, белгілі қаламгердің аты берілген білім ордасындағы оң өзгерістерге тоқталды.

Шара қонақтары – белгілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Арал ауданының Құрметті азаматы Мұрат Сыдықов және жары, әнші Базар Қостаева, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Арал ауданының Құрметті азаматы», журналист Жұмабай Жақып, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Арал ауданының Құрметті азаматы, Ж.Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтың иегері, ақын Толыбай Абылай, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Арал аудандық филиалының төрағасы Бекболат Сәдуақасов, «Арал әлемі» газетінің редакторы Ерғали Абдулла ақын шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісіп, күмбірлете күй тартып, өлең-жырларын арнады.
Ақынның ұлы, белгілі режиссер Рүстем Әбдіраш бейнежазба арқылы жылы лебізге толы тілегін жеткізіп, мектеп-лицей ұжымына ризашылығын білдірді.
Сонымен бірге, мектеп-лицейдің өнерлі оқушылары ақын жырларын мәнерлеп оқып, мазмұнды қойылымдар көрсетіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындады.
Әдеби-сазды кешті білім бөлімінің әдіскері Молжігітова Нәзігүл қорытындылады.
Сұлу сөздің шеберіне арналған іс-шараға аудандағы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, кітапханашылар және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар қатысты. Қатысушылар кештің мазмұндылығына ризашылықтарын білдірді.
03 сәуір 2023 ж. 585 0