Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Елдіктің туын желбіреткен қаһарман»

«Елдіктің туын желбіреткен қаһарман»

Жыр мүшәйрасының ережесі

Республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналының ұйымдастыруымен халық батыры, ел тәуелсіздігі үшін ту көтерген Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 250 жыл толуына орай «Елдіктің туын желбіреткен қаһарман» атты облыстық жыр мүшәйрасы өтеді.

Жыр мүшәйраның мақсаты:

– Елдік дәстүрді, отаншылдық қасиетті, тарихи тұлғаларды насихаттау.

– Жанқожаның болмысын, батырлығын жастарға үлгі ету, есімін ұлықтау;

– Батырдың ерлігі жайында кейінгі толқын ақындардың көзімен көркем түрде бейнеленген тұлғасын сомдау;

– Қызылорда облысындағы шығармашыл жастардың шабытын шыңдау.

Жыр мүшәйрасының шарттары:

Мүшәйраға 18-35 жас аралығындағы ақындар қатысады.

Бір ақын екі өлең ұсынады: батырға арнау өлең және еркін тақырып. (Әр өлең 10-15 шумаққа дейін).

Жыр мүшәйрасына бұған дейін ешбір газет-журналда, кітапта, әлеуметтік желілерде жарияланбаған жаңа шығарма ғана ұсынылады.

Қабылданған шығармалар авторға кері қайтарылмайды.

Жыр мүшәйрасына қатысушы аты-жөнін, телефон нөмірін, суретін және Microsoft Word форматында 14 кегльмен, Times New Roman қарпімен терілген шығармасын «Әлімсақ» журналының alimsak@mail.ru электронды поштасына жолдайды.

Жыр мүшәйрасының мерзімі:

Жыр мүшәйрасына қатысатын шығармалар 2024 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.

Мүшәйра екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде көрсетілген мерзімде келіп түскен өлеңдерді қазылар алқасы саралап, үздіктерін анықтайды. Екінші кезеңге жолдама алған шығармаларды өлең авторлары сахнада оқиды.

Үздік шығармалар Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазылар алқасының шешімімен анықталады. Өтетін уақыты бірінші кезең қорытындысымен қосымша хабарланады.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Үздік өлеңдер республикалық «Әлімсақ» журналында жарияланады.
24 қыркүйек 2024 ж. 144 0