Айнадағы ажал
Қазақ халқы қашаннан тұрмысын түрлі дәстүрлермен қатар ырым-тиымдар мен наным-сенімдерге тікелей байланыстырып келген ел. Ескі ерте заманнан-ақ тыйымдардың қатал қағидаларын мүлтіксіз орындап, жақсылық пен жамандықтың арашашысы әуелі әлемдердің Жаратушысы, кейіннен осы тыйым салынған әрекеттерді болдырмау деп білген. Көзіміз ұйқыға кетер алдында тілімізді кәлимаға келтіріп, төсекке дәретсіз жатпауды, ыдыстың, астың бетін ашық тастамауды, қарапайым ғана айнаның бетін де жатар алдында жауып жатуды әлі күнге дейін қолданыстан қалдырмай келеді. Қарапайым ғана дүниелер болып көрінетін осы тиымдардың астарында не жатыр?! Көбісі адамзат баласына әлі күнге беймәлім болып келеді.
Солардың бірі – айна. Күнделікті тұрмысымыздың бір бөлшегіне айналып кеткен өзіміздің бейнемізді қатесіз кескіндейтін сол айнаның бүгінде алақандай түрінен бастап, тұтастай бір бөлменің қабырғасын қамтитын алыптары бар. Сонау орта ғасырларды алғаш Венецияда жасалған бұл дүниенің сырын әлі де болса толықтай ашылды дей алмаймыз. Бірі өзіне қараған адамның кескіні мен қимылын компьютер секілді жадында сақтап қалып, кейін тағы да өз бетінде бейнелеуі мүмкін десе, енді бірі адамның есте сақтау қабілетін төмендетіп, тұтынған жанның жағымсыз энергиясын өзіне қабылдайды. Келісі тұтынған жан ол энергиядан зардап шегеді немесе өміріне қауіп төнеді деп санаған. Ал үйде кісі қаза тапқанда неліктен айнаның беті жабылады? Ескі наным бойынша айна о дүниеге есік ашатын қақпа болған. Сол арқылы үйге жын-шайтандар кіріп кетпеуі үшін бетін жапқан. Өлген адамның жаны айна арқылы кері қайтып келмес үшін беті жабық болғаны дұрыс деп түсінген.
Бұл көнеден келе жатқан адам санасындағы айна туралы сенімдер. Алайда, кескінді шындық ғылымға қосқан үлесі де бар. Мәселен, XIX ғасыр басында бір дәрігерге өңеш арқылы асқазанды қарау ойы келеді. Ол жіңішке ұшында айнасы бар түтікті өңешке тығып, одан ауыз қуысына тағы бір айна салу арқылы алғаш рет асқазан ішін көрді. Кейін бұл жаңалығы қазіргі емханаларда қолданылып жүрген перископ құрылғысының негізін салды.
Ал айна десе менің ойыма мына бір оқиға оралады. Соңғы кездері ғаламтор бетін жаулаған айнадағы әлем жайлы бұл оқиға қаншалықты шындық екенін болжап білу де қиын.Назерке Малкешованың жазбасындағы оқиға осылай басталады.
Ол айнаға қарағанды жақсы көретін. Сара қыз баласы болғаннан соң өзіне қарап жүрген дұрыс деп санайтын. Міне, сол себепті әркез айнаны жанынан қалдырмайтын. Қызық нәрсе ғой ол өзі. Күміс араластырылған әйнектен дайындалған тақташадан өз бейнеңді көресің.
Жақында ғана көшіп келген жаңа үйінің бір бөлмесінде үлкен айна бар еді. Бір қызығы олар осы үйді сатып алғанында жалғыз айнадан басқа үйде жиһаз болмады. Айнаға қарауды жақсы көрсе де жаңа айнам болғаны жақсы ғой деп айнаны далаға шығарып қойған. Бірақ, көшіп келген күні сол айнаны қайтадан бөлмесінен көрді. Бұған қатты таң қалды. Себебі, үйдің кілті өзіндерінен басқа ешкімде болмаған. Өзінің осыдан бұрын келгенінде айнаны шығарып кеткеніне күмәнданып та қалды.
Сол түннен бері міне 1 ай өтті. Оның ұйқысы тыныш еді. Бірақ бұл дауыл алдындағы тыныштық болатын. Әкесі мен анасы қалаға кеткен түні Сара түнде тәтті ұйқыда жатқанда біреу оның қасына жақындағандай болғанын сезді. Оянып кетті. Айналасына қарады, ешкім жоқ. Қасына біреу жақындағанын сезді. Көзін ашпай жата берді. Бірақ сол бейне айналшақтап қасынан кетпей жүргендей болды. Қорықса да көзін ашты. Сол кезде көрінген бейненің не шын, не сағым екеніне көзін жеткізе алмай, орында тұрып қалды. Ұзын, қара қолаң шашты аққұба келген кішкентай қыз екен. Көзін жұмып, қайта ашып қарады. Ол әлі тұр. Ішінен кәлимасын айтып, «Бісмиллә» – деп отырды. Ол қыз әлі кетер емес. Бір кезде мүлдем күтпеген нәрсе болып, әлгі қыз Сараға жақындап келді де, құлағына сыбырлап:
– Саған өтінішім бар – деді. Сарада үн жоқ! Қайдан, қалай сөйлесін. Өмірінде мұндай жайтты көрмеген ол әбден абдырап қалды.
– Мына айнаны тазалап, сүртіп қой. Өзің байқаған да шығарсың, бұл жәй айна емес, сиқырлы айна. Көшіп келердің алдында сен бұл айнаны далаға шығарып тастапсың. Мен қайта орнына алып келдім. Есіңде болсын, енді тағы да шығаратын болсаң, сені өзіммен қоса айнаның арғы жағындағы дүниеге алып кетемін – деді де, сиқырлы қыз артқа қарай шегінді де, айнаға еніп кете барды.
Сарада ес жоқ! Жаңа ғана көз алдында болған оқиғаға не сенерін, не сенбесін білмей сасып қалыпты. Денесі суытып, көзі қарауытып, сол орнында құлап қалды.
Таңертең пердесі ашық қалған терезеден түскен күннің сәулесінен оянды. Кешегі көрген түсім бе, өңім бе деп ойланып отырды. Сиқырлы қыздың айна жайында айтқан әңгімелерінің шындыққа жанасатындығына сеніп, өңім болар деп шешті. Тамақтануға ас бөлмеге келді. Бірақ таңғы ас дайындауға құлқы болмады. Бар ойы түндегі өткен оқиға. Не істерін білмеді.
Осылай басы қатып тұрған оған анасының нөмірімен қоңырау шалынды. Өзі кешегі өткен оқиғадан есін жия алмай отырғанында “жығылғанға жұдырық” дегендей ата-анасының жол-көлік оқиғасында апат болғандығы жөнінде хабар естіді. Отырған жерінде төбесінен біреу салқын су құйып жібергендей болды. Туыстарына қоңырау шалып, анық-қанығын білгеннен соң, жолға шығуға дайындалды. Енді көлік шақырайын десе телефонның сымы үзіліп жатыр екен. “Қырсық бір айналдырса шыр айналдырады” демекші, ұялы телефонын да таба алмай қалды. Жүгіріп сыртқы есікті ашайын деп тұтқадан ұстай беріп еді, есіктің жабық екенін байқады. Қалай тартса да ашылмай қойды. Кенет бөлменің іші тас қараңғы болып кетті. Оң жақ құлағына біреу “Өтінішімді орында. Әйтпесе...” деді. Жүрегі зу ете түсті. Ішінен “О, Жаратқан! Бұның барлығы тек түс болса екен, тек түс болса екен!” деп тілеп тұрды. Бірнеше секундтан соң бөлмеге қайтадан жарық келді. Қолында ұялы телефоны тұр. “Өтініш” деген сөзді естігенде кешегі көргені түс емес екендігіне көзі жетті. Жатын бөлмесіне барып айнаның қасына жақындады. Қолына бірден ілінген орамалды алып сүрте бастады. Айнаны сүрткен сайын бөлменің іші жарықтана түскен сияқты. Ата-анасының қайтыс болғанына іші күйгені соншалық, айнаны қатты ысқылап жібергені сол еді, белгісіз бір күй кешті.
Арада қанша уақыт өткені белгісіз. Ол маңдайынан анасы сипап жатқандай күй кешіп, есін жинай бастады. Мұның бәрі түс екен ғой деп, көңілі басылғандай болған. Сөйтсе, бұл да алдамшы сезім екен. Көзін ашса әлгі сиқырлы қыз Сараның маңдайынан сипап:
– Мен осы үйдің иесі едім. Белгісіз жағдайда қайтыс болдым. Өзімнің осы айнаның бергі бетіне қалай өткенімді білмеймін. Бұрын кім болдым, туыстарым бар ма, атым кім, жасым қаншада. Бұлардың ешқайсысы маған беймәлім. Соңғы кездері түсіме бір сиқырлы әйел кіріп, маған айнаның арғы жағына жаңадан қонақ келгенін, яғни сен туралы айтты да, қасыма алуды бұйырды. Мен оның бұйрығын орындауға қуана-қуана келістім. Себебі өзім де жалғызсырап жүрген болатынмын. Саған анаңның нөмірімен телефон шалып, ата-анаңның қайтыс болғандығы жөнінде айтқан да, кетуге жиналғанда үй телефонының сымын үзіп тастаған да, анау қолыңа ұстаған телефонды жоғалтып жіберген де мен болатынмын. Осының барлығын қасақана ұйымдастырдым. Әлгі түсіме енген әйел айнаны қатты ысқыласа бергі бетке өтуге болатынын айтқан болатын. Осы әдісті саған пайдаландым – дей бергенде Сара анасының дауысын естіді. Басын көтеріп қараса олардың алдында айна тұр. Бірақ ол айнадан олар өздерін емес, Сараның жатын бөлмесін терезеден көргендей қып көріп тұрды. Кинодағыдай. Ол “Анашым! Анашым! Мен мұндамын!“ – деп қанша жан ұшыра айғайласа да, анасы оған назар аударар емес. Анасы өзін іздеп жүрген секілді. Сол сәтте сиқырлы қыз:
– Олар енді сені таба алмайды. Олар дін аман, алаңдамасаң болады. Тек менің қасымда болсаң болғаны, – деді.
Сара айнаның бергі жағында ата-анасының қалай ғұмыр кешкендерін, ағаларының үйлену тойларын, олардың үбірлі-шүбірлі болып, мәз болысып жүрген күндерін көріп отыра берді. Сиқырлы қыз оған өмірінде көрмеген тағамдар мен сусындар әкеліп беретін. Басында тартыншақтанғанымен, кейін ол тамақтар Сараға да ұнайтын болды. Көңілінде жауабын шарқ ұра іздеген екі сауал болды: біріншісі ата-анасы оны жоғалтқанда қандай күй кешті екен. Ал екіншісі – бұл өмір ақиқат па, жалған ба.
Шынымен-ақ, айнаның арғы жағында өмір бар екені ақиқат па, жалған ба?! Мұны әркім өзінше бағамдайды. Қалай болса да Венецияда жасау құпиясы өзге елдерге таратылмай 200 жылдай қатал сақталып, құпиясын жариялаушыларға өлім жазасы бұйырылғанына қарасақ, айна құпиясында үлкен мән барын аңғарамыз. Сиқыры мен сыры көп бұл мүлікке қарапайым зат ретінде қарамай, барынша күтім жасағанымыз жөнді болар еді.

О. ТІЛЕУТЕГІ.