Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Біз екеуміз

Біз екеуміз

Екеумізге нұрын шашты күн күліп,Сондықтан да бақыттымын мен бүгін.
Кәрі тарих қатпарына үңіліп,
Теңіз-ойдың тереңіне сүңгідім.
Мен сенің тірегіңмін,
Сен менің тірегімсің.
Бір-бірінсіз ғашықтар өмір сүрмес.
Қосыла алмай қалғанын білемісің,
Баян мен Қозы Көрпеш?!
Талай ғашық өмірден өткен екен,
Шын ғашықтар бір болмауы керек пе?!
Бұл жалғаннан түңіліп кеткен екен,
Еңлік пен Кебек те.
Арманыңның жолында әркез шаршама,
Махаббат деп айтып жүріп өр өлең.
Бір-біріне жете алмапты о тоба,
Қыз Жібек пен Төлеген.
Қалаулысын таба алмаған аз ба адам?
Мынау мәнсіз, мынау мәнсіз жалғанда,
Тізе қосып, үй болуды жазбаған
Естай менен Қорланға.
Арам ойлы біреу болса шошынар,
Бір жүрейік мәңгілікке күліп біз.
Қосыла алмай қалғаны үшін осылар,
Біз екеуміз қосылуға тиіспіз.
МЕН ҚОЗЫНЫҢ СЕЗІМІН ҚАЙТАЛАЙМЫН
Ұмытам деп өзіңді айта алмаймын,
Мынау мәнсіз тірлікке бейнеті мол.
Мен Қозының сезімін қайталаймын,
Сен Баянның қазіргі бейнесі бол.
Қосылайық белгілеп ұлы тойды,
Сенің махаббатыңның иесі мен.
Қодар болса егерде арам ойлы,
Құдай ұрсын қос қолдап төбесінен,
Қорқу керек махаббат киесінен.
Абай ЕЛЕШ

Фото: Нұрболат Нұржаубай
15 сәуір 2025 ж. 45 0