Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кейуана жанарындағы тамшы

Кейуана жанарындағы тамшы

Жаздың ми солқылдатар ыстық күні. Бестің шәйін ішкелі жатқанбыз. Кенет әжей: 
– Сара қызым бері келші, – деп қатты дауыспен шақырды. Қасына барып,  жайғасып отыра кеттім.
– Келгеніңе алты айдай болды. Жүзің жылы бала екенсің. Алла бағыңды ашсын. Өмірде естігенімнен, түйгенім көп... – деп көзін төмен ала берді.
– Балам-ау? Анаңды қалай қиып кете бардың? Шеттей бала-шағаны кімге тапсырдың? – деп кенет жоғары қарап жылай бастады. 
Түсінбестен абдырап тұрып қалдым. Үйде өре тыныштық. Ашық тұрған терезенің жібек пердесі ғана желмен тербеледі. Құлаққа ұрған танадай үнсіздікті:
  – Гүлзада үйге келін болып түскенде, – деген сөздері бөлме ішін жаңғыртқандай болды. 
– Өзі сондай мейірімді еді. Жасы небәрі он сегізде болатын. Өз қолымда тұрды, көп тәрбие бердім. Гүлзада алғыр, айтқанды тез қағып алатын. Мамалап, шауып бар тірлікті істеп жүретін. Мүлдем сөзге келіп көрмеппіз. Шүкір, бес балалы болды. Өз аяқтарына тұрды. Кейін кіші ұлым Арман үйленіп, бұларды еншілерін беріп, бөлек шығардым... Бөлек шығардым деймін-ау ажалға апарып бердім... – деп даусы зекіп сөйлегендей болды. Сасқалақтап артқа бір қадам жасай бердім де, кілт тұрып қалдым...
Шара апа жасы жетпістен асқан кісі. Танысқаныма алты айдың уақыты болып қалды. Жай үйіне келіп әжейдің жағдайын жасағаным болмаса, көп сөйлесе бермеймін. Сол себепті болар аяқ асты айтқан әңгімесінен қорқып немесе аяп кеткендей болдым. Өзі көп ашыла бермейтін. 
– Кейде бекер жібердім деп ойлап қоямын, – дегені алақан көз кейуананы одан әрі аянышты етіп, көзіне жас ұялатты. Оң жақ бүйірдегі тартпа үстінде тұрған суретті кеудесіне басып, өксігі басылмай жылай берді.
– Сағындым ғой құлынымды... деген кезде барып суреттегі жаңағы айтқан ұлы Асқар екенін түсіндім. 
– Өздері бөлек шыққан уақытында құдағиым төсек тартып жатқан. Сол үйге барып тұрамыз, енемнің жағдайын жасаймыз деп аңқылдап жүретін... Гүлзада төрт ағайынды. Жалғыз ағасы мен екі сіңілісі бар. Ағасы Амантай үйленген, екі ұлдың әкесі... Несін жасырайын ол да бір ұлымдай еді. Осы келін болып түскенде үйге көп келетін. Асқарыммен бірге жүрді. Кейін үйленді. Әйелінен бе, құдағиымнан ба? Әйтеуір, ажырасып, қосылып көп жүрді. Артынша Амантай жалғыз шешесін тастап, бөлек кетті. Сөйтіп жүріп, құдағайымның жалғызсырағаны жанына батса керек. Қызын қолына алдыртты, – деп әжей аса бір ауыр зілмен күрсінді.
– Шүкір, шүкір, е Аллаға шүкір – деп сыбырлай берді. Баласын жіберсе де, Алласын тастамайтын әженің жүзі сынық.
– Асқарым мен келінім төркінінде үйінде үш жылдай тұрды. Құдағай өмірден озған кезде қыздары ағасын кінәләді. Үйіне кіргізбеді. Артынша Амантайды әйелі Әсия келініме келгіштей берген көрінеді. Жалғыз ойы кемпірден қалған үйі. Енесі өлген соң  квартира меді? Сонда тұратынны естеріне түсіпті, – деп әже ашуланып кетті.
– Гүлзадам үйін бергісі келіпті. Тек ана құрғыр екі сіңілісі бергізбепті... Осыдан-ақ баланың ішіндегі төресі менің келінім екенін мақтанып жүретінмін. 
– Осы үй сендерге құт болса көрермін. Мені және бала-шағамды қаңғытып, көз жасымызға қалдыңдар.Түн ұйқыларың тынышсыз өтсін еште,– деп қарғап кеткен екен жеңгесі. 
– Оны маған кейін айтты. Содан бері бес жыл өтті. Әр ауру осы ұлымның шаңырағынан айналып өтпей кетпейді. Сөйтіп жүріп Гүлзадам ауыр науқасқа тап болды... Емі жоқ депті ғой. Қайдам... – деп Шара апа қайта жылай бастады. 
– Келінім ауруға тап болғалы ұлымда еш маза болған жоқ. Әйелі өлсе қалай болам деген сұрақ ішін удай ашытқан-ау шамасы. Жүзі күліп тұрғанмен, көзі ішіндегі бар мұңды айтып қоятын. Аяйтынмын. Балам ғой, оған келген қайғы мені екі есе қынжылтатын. «Әйелім жазылса» деп көп айтатын, жарықтық, – деді де ас үйге қарай жүре берді. Әжей барып дәрісін ішіп, кейін бір стакан сумен жүргізіп жіберді. Төсегіне қайта келіп жантая кетті. 
– Қызым, – деп қолымнан қысып ұстады. Мағанда әңгімесі қызық боп барады. 
– Несін жасырайын, әйелін ойлап жүріп, өзі кете барды ғой. Аллада білгендей, келінімді қалдырып, ұлымды алып кеткенін қайтерсің... Алаға күпірлік еткенім емес. Аналық жүрегімнің қайғысы ғой... – деп бұрылып жата берді. 
Не істерімді білмей: – Қой әже, сізге кешкі ас дайындайын, – деп тұра кеттім. Бірақ ішімде көп сұрақ қалды. Кешкі ас деймін-ау. Бірақ қолым ештеңеге барар емес. Біраз уақыт өткен соң түстен қалған сорпаны ысытып:
– Әже, жүріңіз. Тамақ ішейік, – деп шақырып келдім. 
– Ә, демде дайын болғаны ма? – деп күбірлеп бірдеңелерді айта бастады. 
– Қызым сен көңіліңе алма. Кәрі әжең  саған сабақ болсын деп айтқаны ғой. Әйтпесе сырымды жайып қайтем? – деп ұзақ үнсіздікте қолымды қысып отырды. 
Кенет қайта жалғастырып:
– Кіші ұлым бар деп едім ғой, – деп әңгімесін қайта бастады.
– Үйленді, келін көтермеді. Ақыры ажырасып тынды. Қазір анау бір шетелде жұмыс бар дей ме? Сонда кетті.  Ал Гүлзада келінім... – деп төмен қарап, қалтасынан беторамалын шығарды. Бетін сипап сүрте бастады. 
– Ауру келсе, ажалы қосылып жүрер әдеті емес пе? Бұл дерт келінімді алып кетті ғой ақыры. Шеттей бала-шағаны үкімет алды...
Осылайша қайғы алауы қарт әжені қаншалықты жүдетіп жібергені байқалды. Бұл оның ішінде күйік боп қалған сыр мен мұң еді. Қолымнан ештеңе келмесе де, үнсіз ғана көзімнен жас тоқтамай шыға берді.
Нұрай ӘМІРХАНОВА

Фото: kyn.kz

27 шілде 2025 ж. 60 0