"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін..."

Үлкендердің әңгімелеріне араласпау керек,олардың әңгімелерін тыңдамау керектігін білемін. Бірақ, мен жанағы апаны аяп қасына бардым. Менің неге тез-тез басып,бөгде адамдардың қасына жетіп барып тұрғанымды көріп түсінбей қалған анамда жаныма келді. Анам мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды.Ол кез -келген адаммен тез тіл табысады. Таныса келе,жанағы апаны үйге шайға да шақырдық. Бірақ ол апа «бармаймын»,- деді.
Сонда анам:
-Апа сізге не болды?-деді -Ейй өмір-ай...Осыншама қатыгез,қаталмысың?Өз баламды сондай мақұлық қалай қылдым?-деп өз-өзін түрткілей берді.Шертарқатқысы келдіме, «мен сендерге барлығын түсіндіріп берейін», - деді апа.....
«Бұл- менің жалғыз ұлым.Баламды әкесі екеуіміз кішкентайынан бетін қақпай,еркелетіп өсірдік.Не айтса соны алып беріп,айтқанын екі етпей жасап жүрдік.Мектепте оқыған кезінде түрлі үйірмелерге бердік.Қазір жоғары оқу орнына түсті.Жаңа орта,жаңа достар тапты.Баламызға сендік пе,әлде басқа ортаға қалай сіңіседі деп ойламадық па,білмеймін,бірақ мен сол кездегі достарының кім екендерін білмеп едім.Соңғы кездері балам күрт өзгеріп кетті.Тез ашуланып шыға келеді.Үйге арасында бір қонады.Баламнан сұрасам неге үйге қонбайсың десем ,«достарыммен сессияға дайындалып жүрміз»,- дейді.
«Жақсы»,- деп сеніп жүрдім.
Бір күні балам тойып арақ ішіп келді.Бірақ бізге білдірткісі келмеді. Ана болғасын жүрегің сезеді ғой,мен сездім ,бірақ балам мойындамады.Келесі күні құқық органдары үйге келді.Сөйтсем, балам арақ ішкенімен қоймай,ұрлық та жасап жүр екен.Және нашақор екен... Мен қатты таң қалдым.Содан баламды емдету үшін емханаға жатқыздым.Бірақ ,баламның өмірге талпынысы болмаса,өздігінен емделіп кете алмайтындығын айтты. Үш жыл өтті. Баламда мүлдем талпыныс жоқ.Солай жүргенде күйеуім баланы уайымдағасын жүрегі ауырып,мүгедектікке ұшырады. Енді қазір балам да мүгедек болып қалды.Екі үлкен ер адамды бағып ,қасықтап тамақ беріп отырмын. Алладан жатсам,тұрсам медет сұраймын. Осы тұрғанда баламды кезекті емінен алып келе жатырмын.Талай шаңырақты ортасына түсіріп,талайдың бақытын баянсыз қылған тажалмен қоғамның күресуге соншалық дәрменсіз болғаны мені қынжылтады. Ел болып біріксек ,алмас асуларымыз болмас еді ғой?!»-деп апа әңгімесін күрсініп тоқтатты.
Сонда мен:
-«Ол тажал не?»,-деп сұрағанда
-"Есірткі"-деп жауап берді.Анам екеуміз ана қайғысына жүрегіміз ауырып,бар жақсылықты тілеп,қимай қоштастық.Қорытындылай келе, бұл дерт бір ғана отбасының емес, қаншама осындай ана қасіреті,заман қасіреті дегім келеді. «Есірткі», «нашақорлық» деген замана дертінен құтылу үшін жас жеткіншектерді ата-аналар бақылауда ұстау керек деп ойлаймын. Тиімді іс-шараларға қатыстырып, дұрыс өмір сүруді үйрететін бағыттар көп болса, жаман қылықтарға әуестенбейді. Өйткені,болашақ-жастар қолында!
#УПНДПКЗО
Бибінұр Айболатқызы,
№177 орта мектебі, 8 в сынып оқушысы,
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті.
Бибінұр Айболатқызы,
№177 орта мектебі, 8 в сынып оқушысы,
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кенті.