Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІ –ХАКІМ АБАЙ

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІ –ХАКІМ АБАЙ

Ұю Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай  “Көктем” бастауыш партия ұйымы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына  шолу жасау, қара сөз, поэзия, музыка арқылы ұлттың рухани бағдарын айқындау  мақсатында  «Ұлт кемеңгері –хакім Абай» атты  әдеби – әуенді  кеш өткізілді.
 Шараға  бастауыш ұйымы мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.
 Шара  ақынның даналығын дәріптейтін   прологтан бастау алып,  хакім Абайдың  өмірі мен шығармашылығы бейнебаян арқылы таныстырылды. 
Оқырмандар дана Абайдың құнды қазынасы  қара сөздері мен  өлеңдерін оқып,барлық қатысушылар   «Көзімнің қарасы»  әнін орындады.
Абай  әлемі - ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Қатысушылар  ұлы ақынның рухани мұрасына жаңа қырынан қарап, өнеге алды. Кеш оқырмандадың  әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.



#АМАНАТ
07 тамыз 2025 ж. 72 0