Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Рухани байлық кітапта

Рухани байлық кітапта

Аудан тұрғындарын рухани біліммен сусындатып отырған Аудандық  орталық кітапхана іргесі 1940 жылы құрылып, 1976 жылы  жаңа ғимарат салынып, жеке жайда орналасқан. 1980 жылы  аудан кітапханалары орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне  көшіріліп, сол жылдан бастап аудандық орталық кітапхана аудан кітапханаларының барлығына басшылық жасайтын орталыққа айналды. 24 қазан – кітапханашылар күніне орай аудандық кітапханалардың жұмысына шолу жасаған едік.
Қазір таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде - 39 көпшілік кітапханалар кітапханалық қызмет көрсетіп отыр. Атап айтқанда 1 аудандық орталық кітапхана,1 аудандық орталық балалар кітапханасы, 3 қалалық кітапхана, 1 қалалық балалар кітапханасы, 33 ауылдық кітапхана.
Аудан кітапханаларының кітап қоры - 613508 дана құрайды, оқырман саны - 36690, жалпы келушілер саны-282220. 
Аудандағы кітапхана тарихы сонау 1937-1940 жылдардан бастау алса, оның ұйымдастырушылары мен алғашқы меңгерушілері жоғарғы білімді мамандар З.Попова, Л.Платонова, Б.Өтепова болды. Кейін олардың бастаған ісін жалғастырушы 1980-1986 жылдар аралығында Г. Жұлдызбаева, 1986-2016 жылдар аралығында Г.Ильясова Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры болды. Ал 2016 жылдан бері «Арал аудандық ОКЖ» КММ директоры қызметін Жанар Алишева атқарып келеді.
      Кітапхана дүниeдe eштeңe тeңeстiрiлмeйтін білім бұлaғының көзi, ғaсырдaн ғaсырға aдaмзaт тaрихының кeруeнін сүрiндiрмeй әкeлe жaтқaн шырaғы биiк, пaрaсаттылық пeн бiлiмдiліктiң, бiлiктiліктiң киeлі oрдaсы.
Қазіргі таңда ақпарат пен білімді ұштастыру нәтижесінде кітапханаларда оқырмандарға ақпарат беру, іздестіру жұмыстары бойынша қызмет көрсету көлемі артқан. Білім, білік, дағды алмасу жұмыстары, әртүрлі  конференциялар, байқаулар мен әдеби кештер  жылдық жоспарға еніп, мақсатты түрде жүргізілуде.
Кітапхана – тек кітап қоймасы емес, идея мен рухани байланыстың мекені. Орталық кітапханада «Қонақжай кітапхана», «NAVIGATOR» – кәсіптік бағдар беру жобалары  және  «Парақ тайм» кітапқұмарлар клубы  жұмыс істейді.
Қоғам назарын кітап оқуға  аудару, аудан тұрғындарының рухани деңгейін және кітапхананың рөлін арттыру, оқырман санын көбейту мақсатындағы «Қонақжай кітапхана» жобасы – рухани демалыс орыны. 
Бұл жоба – тек кітап оқитын орын емес, шынайы мейір мен мәдениеттің мекені.  Мұнда келген әр оқырман – қонақ, ал кітапхана – жылы шыраймен қарсы алатын шаңырақ. Бұл жерде  шай үстіндегі әдеби кештер, шығармашылық сағаттар, оқырманмен  еркін форматтағы кездесулер,  бос уақытты пайдалы әрі қызықты өткізуге арналған  көңілді   шаралар  өткізіледі.
Осы кезеңге дейін аудан кітапханашылары біліктілігі мен білімді, жан жақтылығымен көзге түсіп, түрлі жоғары дәрежелі марапаттарды иеленіп, жетістіктерге жетіп жүр.
Н. МАРАТ
26 қазан 2025 ж. 87 0