Бүгін – Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл
Бүгін азаттық жолында айнымай еңбек еткен мемлекет қайраткері, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туған күні, деп жазады Egemen.kz.Ол ХХ ғасыр басында қазақтың тіл, жер, адам құқы мен халық бостандығы жолында күрескен ерен тұлға. «Алаш» деп атқа қонған зиялы азаматтар ел үшін аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті.
Ә.Бөкейхан 1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі болады. Осы жылы Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жақып Ақбаевпен бірге әйгілі Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі атанады. Петицияда діни сенім бостандығы, дербес мектептер мен мешіттер салу және ашу тәртібі, қазақ, татар, араб тіліндегі діни кітаптарға цензураны жою, туу туралы тіркеу тәртібін діни басқарма орындарына беру, шетелге шығатын паспорт берудің заңды тәртібін белгілеу сынды маңызды мәселелер көтерілген.
Ал 1917 жылы Әлихан қазақ тарихындағы алғашқы саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі, артынша желтоқсан айында Алаш автономиясын жариялайды. Оның үкіметі болып Алашорда құрылады. Қазақ даласындағы тұңғыш үкіметтің төрағасы болып Әлихан Бөкейхан тағайындалады.
Фото: egemen.kz










