27 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ
Бұл күн өнер мен руханияттың айнасы болған театр саласының қызметкерлеріне, сахна шеберлеріне, актерлер мен режиссерлерге ерекше құрмет көрсетіледі. Театр адам жанының тереңіне бойлап, қоғамның шынайы келбетін бейнелейтін киелі өнер ордасы.Осы мерекелі күні театр саласының барлық қызметкерлеріне шабыт, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз! Көрермен қошеметі мен сахна шырағы ешқашан сөнбесін!
Өңірлік коммуникациялар қызметі 









