АРАЛДЫҢ АДАМДАРЫ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абономенттік қамтамасыз ету секторының кітапханашысыЖанат ҚАРАМАНОВАҒА
Ел қуантар хабарлармен таңы атқан,
Сүйіншілеп әлеуметті қаратқан.
Арал десе ішкен асын қоятын,
Кім асады ақ желең қыз Жанаттан!
Туған жердің аманатын құп алған,
Әрбір күні жаңалықтан құралған.
Байқауларда ақұдайлар топ жарса,
Елден бұрын ол шаттанып қуанған!
Көңілі оның–жылы лебіз бұлағы,
Жарқырайды жүректегі шырағы.
Ақындарды дәріптеуден шаршамай,
Көрсе оларды еміреніп тұрады.
Адалдығы басқа жаққа қаратпай,
Аралына жүреді шаң жолатпай.
"Қыз—тілекші!" деген уәжді айғақтар,
Болып өскей барлық ару Жанаттай!
Үлгі алғасын Ұзақбайдай қазақтан,
Күмілжу жоқ, ойы таза, азат жан.
Айдынды Арал бір шықпайтын есінен,
Аман жүргей Орда жақта Жанатжан!
Ерғали АБДУЛЛА,










