Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл кітапханашысы − 2022: Аралдық кітапханашы бас жүлдені жеңіп алды

Жыл кітапханашысы − 2022: Аралдық кітапханашы бас жүлдені жеңіп алды

Аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов облыстық «Жыл кітапханашысы − 2022» байқауының жеңімпазы Шалбаева Құндызайды қабылдады.

Кездесуде аудан әкімінің арнайы құттықтауын жеткізіп, аудан абыройын асырған орталық балалар кітапханасының меңгерушісіне ризашылығын білдірді. Сонымен бірге рухани құндылықтарды насихаттау бағытындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Атап өтейік, 24 қазан - Кітапханашылар күні мерекесі аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Жыл кітапханашысы − 2022» байқауында аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Шалбаева Құндызай бас жүлдені жеңіп алды.

Кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, беделін арттыру мақсатында өткен байқауда әр өңірден келген қатысушылар төрт бөлімнен тұратын сайыста біліктіліктерін көрсетіп, өзара сынға түскен болатын.
11 қараша 2022 ж. 425 0